Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет53/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ИІС СЕЗУ АҒЗАСЫ 
 
Иіс 
сезу 
анализаторының 
рецепторлық 
жасушалары 
мұрын 
кеңсірігінің және жоғарғы мұрын кеуілжірінің сілемей қабытында 
орналасқан. Құрсақішілік даму кезінде иіс сезу рецепторлары максимальді 
сезімтал, бірақ туу кезінде ол сәл төмендейді. Иісті саралау ми 
қыртысының иіс сезу аймағының дамуының негізінде болуы мүмкін. 
Балалар (жетіліп туған, тіпті жетілмей туған) туған бетте көптеген иістерге 
бет әлпетінің өзгеруімен, көзін жұмуымен, тынысының жиілеуімен және 
айғаймен байқатады.
Өмірінің алғашқы айларында бала өткір иісті сезеді. 2-4 айында 
жағымды және жағымсыз иістерге әртүрлі реакция болады. 7-8 айында 
бала әлсіз иістерді жақсы сезеді, ал бастауыш сынып жасында күрделі 
иістерді сезе алады.
Зерттеу әдістері 
Иіс сезуін зерттеуге мұрын сілемей қабытын тітіркендірмейтін иісті 
заттар қолданалады. Бала иіске жағымсыз мимикамен, айғаймен немесе 
қозғалыс мазасыздығымен жауап береді (әсіресе ерте жастағы балалар). 
Ересектеу балаларға иіссіз және иісі бар бір түске боялған заттарды 
кезекпен иіскетеді, бала қайсында иіс барын аңықтауы керек. 
Бұзылысы анықталған жағдайларда ЛОР-дәрігері және невролог 
консультациясы қажет. 
ДӘМ СЕЗУ АҒЗАСЫ 
 
Нәрестелерде дәм сезу рецепторлары толық тіл беткейінде 
орналасқан, сонымен қатар еріннің, таңдайдың және ұрттың сілемей 
қабатында. Бала туғаннан бастап дәмді сезеді. Анализатор дамуы ерте 
және мектеп алдындағы жаста жалғасады. Бастапқы сынып жасында бала 
тек негізгі дәмді ғана емес, сондай-ақ әртүрлі дәм түрлерінің қарым-


қатынасын, тіпті концентрация айырмашылығын ажырата алады (мысалы, 
көп немесе аз тұздалған).
82 
Зерттеу әдістері 
Тілге кезекпен тәтті, ащы, қышқыл және тұзды ерітінділерді 
тамызады. Ерте жастағы бала тәтті дәмге ертіндіге оң реакция (емеді, бет 
әлпеті қанағатты); ащы, қышқыл не тұзды ертіндіге (жағымсыз бет әлпеті, 
ерін шығаруымен, сілекей ағумен, қозғалыс мазасыздығымен, айғаймен) 
негативті реакция көрсетеді. Ересек балалар дәмдік сезімдерін сөзбен 
жеткізеді.
Бұзылыстар 
байқалған 
жағдайда 
стоматолог 
және 
невролог 
консультациясы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет