Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Қазақстан инвестициялық қоры қызметінің мақсаты – 
перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды 
жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес 
секторында және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру 
бойынша жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған 
немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 
жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек 
көрсету арқылы ҚР-ның индустриалды-инновациялық саясатын 
іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. 
Қазақстан инвестициялық қорына жүктелген негізгі 
міндеттер: 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
73 
 
 шикізат пен материалдарды тереңдеп өңдеуді жүргізетін, 
жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабі-
летті өнім шығаратын, сондай-ақ өз қызметін өнеркәсіп-
те жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндірістік 
қызметтер көрсететін жаңадан құрылып жатқан және 
жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталда-
рына инвестицияларды жүзеге асыру; 
 қордың инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыла-
дыруы, ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвести-
цияларды жүзеге асыру және осы жобаларды басқаруға 
қатысуы арқылы экономиканың шикізаттық емес сек-
торына жеке инвестицияларды ынталандыру; 
 отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік 
кооперацияны қамтамасыз ететін, толықтырушы, аралас 
өндірістерді дамытатын Қазақстан Республикасынан тыс 
жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржылан-
дыру арқылы шет елдердегі қазақстандық ұйымдардың 
инвестициялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу 
болып табылады. 
Қазақстан инвестициялық қорының өкілеттіктері: 
 қордың инвестициялық декларациясына сәйкес инвести-
циялық саясатты жүзеге асыру; 
 шикізат пен материалдарды тереңдетіп өңдеуді жүргізе-
тін, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге 
қабілеттi өнiм шығаратын жұмыс iстеп тұрған перспек-
тивалық ұйымдарды инвестициялауды жүзеге асыру 
немесе осы ұйымдарға үшiншi тұлғалардың инвестиция-
ларын тарту үшiн iрiктеудi жүзеге асыру; 
 ҚР-ның индустриалды-инновациялық саясатының тиiстi 
басымдықтарына сәйкес келетiн, отандық және шетелдiк 
инвесторлар қатысатын инвестициялық жобаларды iске 
асыруды ұйымдастырушы және оларға қатысушы болу; 
 филиалдар мен өкiлдiктер құру; 
 инвестициялық жобалар бойынша құжаттар дайындауға 
шарт негiзiнде қатысу; 
 қайта инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау; 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
74 
 
 уақытша бос ақшаны орналастыру; 
 басқа отандық инвесторлармен бiрлесіп, қордың шетелде 
жүзеге асыратын инвестициялық жобаларының орындал-
уын бақылаудың бiрлескен формаларына қатысушы 
болу; 
 өз міндеттерін іске асыру үшін сарапшылар мен кеңес 
берушілерді шарт негізінде тарту
 өзінің инвестициялық портфелін дербес басқару; 
 бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ретінде 
тиісті лицензияның негізінде дилерлік қызметті ғана 
жүзеге асыру. 
Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялық саяса-
тының бағыттары: 
Қор қызметінің негізгі бағыттары өтімді және тиімді инвес-
тициялық жобаларды жүзеге асыратын перспективалы ұйымдар-
ды инвестициялау және оларға инвестициялар тарту болып 
табылады. 
Қордың инвестициялауы қордың инвестициялық декларация-
сына сәйкес жүргізіледі. Ол келесідей шарттар сақталған кезде 
жүзеге асырылады: 
 инвестициялық жоба ҚР-ның индустриалды-инновация-
лық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келсе; 
 инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық өл-
шемдер бойынша тартымды болса; 
 инвестициялық жоба ұйымдардың технологиялық әлеуе-
тін жетілдіруге, өнімдер мен көрсетілетін қызметтер 
сапасын арттыруға және оларды өндіру көлемін өсіруге, 
шикізат пен материалдар өңдеуді тереңдетуге, жоғары 
технологиялық өнімдер шығаруға бағытталса, инвести-
цияларды жүзеге асырады. 
Қазақстан инвестициялық қоры ұйымдардың акцияларын 
сатудан және жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінен 
алынатын капиталды басқа ұйымдарға кейіннен қайта инвести-
циялай отырып, аталған ұйымдардың жарғылық капиталдарына 
инвестиция салуды жүзеге асырады. 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
75 
 
Қор акцияларға айырбасталатын немесе акцияларды сатып 
алуға құқық беретін бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы. 
Қордың уақытша бос ақшасын орналастыру ішкі және сырт-
қы нарықтардағы мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы 
қағаздар мен өтімді активтерге қордың инвестициялық декла-
рациясында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
«Инвестициялық декларация» Қазақстан инвестициялық 
қорының инвестициялық қызметiндегі негiзгi құжат болып 
табылады. 
Инвестициялық декларация инвестициялау мақсаттарын, 
стратегиясын, бағыттарын, тәуекелдерді басқару саясатын, баға-
лы қағаздардың әр түрі бойынша бағалы қағаздар портфелін 
әртараптандыру нормаларын және қордың инвестициялық 
жобаларға қатысуын тоқтату шарттарын белгілейді. Қордың 
Инвестициялық декларациясын Қазақстан Республикасының 
үкіметі бекiтедi. 
Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капита-лын 
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен акцияларға 
олардың нақтылы құны бойынша төлеу арқылы ҚР-ның Үкiметi 
қалыптастырады. Жарғылық капиталын ұлғайтуға Қордың жал-
ғыз акционерiнiң шешiмі бойынша жол беріледi және акция-
ларды ҚР-ның заңдарына сәйкес шығару мен орналастыру 
арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның орналастырылатын 
акцияларын төлеуге ақша ғана салынуы мүмкiн. Қордың таза 
кiрiсi оның жылдық есебін бекiту қорытындысы бойынша 
резервтік капиталды қалыптастыруға ғана жұмсалады. Резервтiк 
капиталды бөлу тәртiбін жалғыз акционер белгілейді. 
Қор өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшін ҚР-ның заң 
актiлерiнде көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жауап 
береді. 
«Қазақстан инвестициялық қоры туралы» ҚР-ның заңдарын 
бұзу қордың, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың ара-
сында туындайтын даулар ҚР-ның заңдарына сәйкес шешіледі. 
Қазақстан инвестициялық қорының тұжырымдамалық 
ережелері:  


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
76 
 
Қор акциялардың 49%-ке дейінгі бөлігін сатып алуымен, 
жобалардың тікелей инвесторы болады.
Инвестициялық жобалардың табысты іске асырылуы мақса-
тында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қам-
тамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын 
жүзеге асыру үшін маркетингтік және технологиялық жеткілікті 
тәжірибесі бар, сондай-ақ акциялардың 50%-тен астамын 
бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе 
инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына 
қатысқаны неғұрлым тиімді болады.
Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның 
жарғылық капиталына салынатын инвестиция жобаны іске 
асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көзде-
рімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингтен өт-
пеген облигациялар, банктік займдар, бірлестірілген займдер, 
лизингтер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экс-
порттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.
Қазақстан инвестициялық қоры инвестор ретінде кәсіп-
орынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске 
асыру барысындағы, тәуекелдер мен тиімділіктерге ортақтаса-
ды. Қор тәуекелдерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы 
өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға 
қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді.
Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс 
тұрақты деңгейге жеткен кезде Қазақстан инвестициялық қоры 
өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге 
және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шыға-
ды.
Қазақстанда және әлемнің басқа елдеріндегі салаларды дамы-
ту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен 
кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды 
бағыттары анықталды, атап айтқанда: 
 ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, 
жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа 
салалармен бірге агроөнеркәсіптік кешен);


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
77 
 
 құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бас-
тап құрылыс материалдарының әрлеу мен қаптауына 
дейінгі өндірісіне дейін);
 әйнек өнеркәсібі;
 химия және мұнай химия өнеркәсібі;
 металлургия;
 машина жасау;
 орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
 балық өнеркәсібі;
 энергетика және көлік инфрақұрылымы. 
Қазақстан инвестициялық қорының қызметі құрылымды 
құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан 
құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын 
ірі, келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыру-
ға ауыстырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет