Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
 
4.3 
Қазақстан инвестициялық 
қорының қызметі
 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ – ҚР-ның мемлекеттік 
даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 
2003 жылдың 11 маусымында басталған.
Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялары – 
Қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырыла-
тын Қазақстан Республикасы резиденттерінің, акционерлiк 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
71 
 
қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық 
капиталдарына Қордың салымдары болып табылады. 
Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялық қызметi 
– ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, 
инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, 
маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жос-
парлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттарды қамта-
масыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау 
ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге 
асыруға байланысты қызметі. 
ҚР-ның Үкіметі белгілейтін және Қазақстанның инвестиция-
лық қорының акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және 
пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган 
уәкілетті орган болып табылады, ол: 
 қордың акциялар пакетін басқару функциясын жүзеге 
асырады; 
 қордың инвестициялық қызметі бойынша есептілігінің 
құрамын, формаларын және оны беру мерзімін бекітеді; 
 қордың қаржы құжаттары мен бухгалтерлік есептілігінің 
дұрыс жүргізілуін және мазмұнын, сондай-ақ Қор қыз-
метінің ҚР заңдарының талаптарына, Қордың жарғысы 
мен инвестициялық декларациясына сәйкестiгiн бақы-
лауды жүзеге асырады. 
Қазақстан инвестициялық қоры туралы ҚР-ның заңдарына, 
ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның Азаматтық 
кодексінен, «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңы және 
өзге де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. «Инвес-
тициялық қорлар туралы» ҚР-ның заңы бұл қорға қолданылмай-
ды. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялар туралы» 
және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарының ереже-
лері Қорға «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңмен 
реттелмеген бөлігінде қолданылады. ҚР-ның бағалы қағаздар 
нарығы туралы заңдарының бағалы қағаздар нарығында брокер-
дилер қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгi-
ленген пруденциалдық нормативтерді және қаржылық тұрақты-
лықтың өзге де көрсеткiштерiн сақтау бөлiгіндегi талаптары 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
72 
 
Қорға қолданылмайды. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта 
осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық 
шарттың ережелері қолданылады.
Қорды құру және оның қызметі «Қазақстанның инвестиция-
лық қоры туралы» заңында көзделген ерекшеліктерді ескере 
отырып, ҚР-ның акционерлiк қоғамдар туралы заңдарында 
көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қорды қайта ұйымдастыру және тарату ҚР-ның заңдарында 
белгіленген негіздер бойынша және тәртiппен жүзеге асыры-
лады. Қордың өз инвестициялық портфелiн басқару жөнiндегi 
қызметi лицензияланбайды. 
ҚР-ның мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамда-
рының заңсыз Қор қызметiне араласуына тыйым салынады. 
Қазақстан инвестициялық қорының құқықтық мәртебесі – 
жарғылық капиталына мемлекеттің 100%-тік қатысуы бар 
акционерлік қоғам формасындағы ұйым болып табылады. Жар-
ғылық капиталының мөлшері – 37,8 млрд теңге немесе 300 млн-
нан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жос-
парланған. Оның қызметiндегі мәселелер Қазақстан Респуб-
ликасының «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 
жылдың 6 шілдесіндегі заңымен реттеледі. Онда оның мақсат-
тарын, міндеттерiн, инвестициялық саясаттағы бағыттарын, 
оның мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара 
қызметіндегі ерекшелiктерiн белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет