Оқулық жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы



бет114/128
Дата08.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#134990
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128
Сөздің­көп­мағыналылығы
Көп ма ыналылы­ – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің
байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана
өлшеніп қоймайды, соны мен бірге ондағы сөздердің көп мағыналы байлығымен
де ерек шеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір
белгі – оның көп мағыналылығы. Бұл – сөздік қордағы сөздерге тән қасиет.
Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы
байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе
бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Адам санасындағы белгілі
бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады.
Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы
ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі,
не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мысалы: «судың асты» мағына-
сындағы «түп» сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір
заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі
(томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп
отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түпкі бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан те-
гі, арғы заты («Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай».
АР
МА
Н-
ПВ
б
ас
па
сы


117
М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашис тер талқан болды).


Сөздердің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым
олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы
сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет