Оқулық жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы



Pdf көрінісі
бет66/205
Дата07.01.2022
өлшемі5,54 Mb.
#17281
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   205
CD­04
АР
МА
Н-
ПВ
 б
ас
па
сы


46
Қаныштың әдебиетке құмарлығы училище қабырғасында оқып жүргенде 
арта түседі: «Көркем әдебиет кітаптарды оқуға ынтасын аңғарған Әбекең де 
інісін бір күні халық үйіне ертіп барады. Бұл үй өздері тұратын көшеде. Соның 
бәрінен де балаға халық үйінің кітапхана мүйісі ұнаған-ды. Қашан барсаң да 
неше түрлі газет, журнал тігінділері үстел үстінде тізіліп тұрады. Мүйістің 
кітап қоры көп емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточ-
касымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: Л.Толстой, 
В.Максимов, М.Сервантес, Ж.Верн... Ауылда жүргенде қолына түскен кітапқа 
мәз еді, қазір таңдап, авторларына қарап алады. Сірә, әдеби шығармаларды 
көп оқудың әсері шығар, екінші жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары 
училищенің үлгі тақтасынан түспейтін болды: жазу мәнері, бәлкім, аса көркем 
болмас, ал берілген тақырыпты жан-жақты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, 
еркін жазуы жөнінен училищеде тең түсер шәкірт тегінде некен-саяқ...». 
Өзіндей жастар ойын-сауықпен уақыттарын өткізіп жатқанда Қаныш 
тасты тасқа ұрып, сындырып, неше түрлі шақпақтас жинап жүретін болған. 
Етігінің қонышына балға салып жүріп, таудың тасын сындырып, ішін ашып 
көретін. Осылайша бала күнінен білуге, көруге, жүруге ынтызарлық Ұлытау 
атырабының жерасты қазынасын барлаумен қоса геолог Қ.Сәтбаевты әрдайым 
жаңа ізденістерге құмар етіп, соны іздерге жолықтырып отырған. «Кен 
барлаушының жол дәптерінде жер жынысын сипаттаумен бірге жүрген сапар-
ларында өзіне кездескен тарихи түрлі белгі, таңбаларды да аттап өтпей, суретін 
салып, көрген-білгенін жазып отырғаны анық. Айталық, Бұланты өзенінің оң 
жағынан, тақтатасты жыныстардан (сланец) тұратын қима жартас бетінен ол 
көптеген хайуанаттар суретін табады; нақ осындай тас бейнелерді ол Тамды, 
Жетіқыз өзендерінің бойынан да көрген; ал Ұлытаудың ұлы шыңы Едіге 
үстіндегі, Бала Жезді мен Сарысу өзендерінің жағаларындағы адам мүсіндері 
ше; немесе Алашахан, Жошы, Домбауыл кесенелерінің көне құрылыстық, 
сәулет өнерінің үлгісі ретіндегі сипаты...». 
Автор Қ.Сәт ба ев тың оқуын аяқтап, еңбекке араласқан кәсіби өмі рін де гі сан 
қи лы жағ даят тарды шы ғар ма да ғы кол ли зия мен конф лик тер ар қы лы шым-шы-
ты рық оқи ға лармен өр бітіп оты ра ды. «Қаныш Имантайұлының төзімі жарым 
жылға жетті. Сайып келгенде, өмірін мансұқ етіп жүрген ісі – Үлкен Жезқазған 
мүддесін тоғышар шенеуніктердің ойына келгенін жасап, еріктерінше боп-
салауына беріп қойып, тыныш жүре алмасын түсінген». Себебі бастықтар 
геологтер конгресіне барған сапарында жыл басындағы уәделерінен тайқып, 
қаржыны бұрынғыдан да аз беретінін, Қарсақбай комбинатының геологиялық 
бөлімі етіп қалдыратынын ашық айтады. Сондықтан Қаныш тағы да дабыл 
қағып, ең жоғарғы деңгейде әңгіме көтеруге бел байлайды. Алайда Қарсақбай 
комбинатының кезекті жаңа директорын (ал олар аяқкиім ауысқаннан да 
жиірек өзгеріп жатады, мыс зауыты жылдан жылға тағайындаған жоспарды 
орындаған емес, соған орай комбинат басшылары да жұлынып қала беретін) 
тізе қосып қимылдау ойына иландыра алмайды. Жаңа директор: «Менің 
міндетім – 30 мың тонна мыс беру», – дегеннен жаңылмады...».
Жазушы шы ғар масын да су рет те ле тін қа ла лар дың ты ныс-тір ші лі гі мен геог-
ра фия лық ор на ла су ын да ғы ерек ше лік тің адам мі не зі не ор та ның әсе рі бо ла ты-
нын сез ді ре ді. Ба янау ыл, Ұлы тау-Жез қаз ған, Қа ра ған ды, Қы зы лор да, Таш кент, 
Томск, Мәс кеу, Ле ни нг рад (Санкт-Пе тер бург) жә не Ал ма ты қа ла ла рын да ғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   205




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет