Ақша қаражаттары бюджеті және оны бақылау



Дата17.02.2023
өлшемі78 Kb.
#68795
Байланысты:
annotation5289


Ақша қаражаттары бюджеті және оны бақылау
Арыстамбаева А.З.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Есеп және аудит»
кафедрасысының аға оқытушысы

Бюджет деп қысқа мерзімге, әдетте бір жылға жасалынатын жоспарды айтамыз. Бюджет қаржылық көрсеткіштерден құралады. Бюджеттің маңыздылығын оның ұзақ мерзімді жоспардың жақын арада орындалуға икемдеуінен көруге болады. Бюджет нақты жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды:[1]


- ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдер мөлшерін;
- сату мөлшерін;
- тауарлық қорларға қойылатын талаптарды;
- кадрларға қойылатын талаптарды;
- нақты өндіріс қажеттілігін.
Ұйым қызметі қаншалықты жақсы жоспарланғанымен, оны бақылауды жүзеге асырмайтын болсақ, онда теріс нәтиже алуымыз мүмкін. Жоспарлау және бақылау үрдісін келесі сурет арқылы келтіреміз (сурет 1).

Сурет 1 - Жоспарлау және бақылау үрдісі

Бюджет терминін қаржылық жоспар деп те қарастыруға болады. Ал жоспар дегенді болжам деп те түсінуге болады. Бірақ бюджет осы жоспарды және болжамды негізге ала отырып құрастырылады.


Бюджеттеу кезеңдер бойынша және үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін. Кезеңдік бюджет нақты бір мерзімге құрастырылады. Әдетте басшылық бір жылға бюджет жасап, оны жүзеге асыруға тырысады. Үздіксіз бюджет үздіксіз жаңартылып отыратын бюджет. Ұйымда белгілі-бір кезеңге қатысты әртүрлі бюджет құрастырылуы мүмкін. Барлық жекелеген бюджеттерді жиынтық бюджетке біріктіріп қарауға болады. 2-ші суреттен бюджеттер арасындағы өзара байланысты көре аламыз.
Ең алдымен сату бюджеті жасалынады. Бұл бюджет келесі кезеңге қатысты ұйым қызметінің деңгейінің анықтайды. Дайын өнімге деген қажеттілікті сату бюджеті анықтаса, ал қажетті өнім көлемі өндірістік бюджет арқылы анықталады. Осылайша бюджет арасында тығыз байланыс бар екендігі аңғарылады.

Шикізаттар қоры бюджеті

Өндірістік бюджет

Дайын өнім бюджеті

Сурет 2 - Әртүрлі бюджеттер арасындағы өзара байланыс


Бюджеттерді құрастыру келесідей мүмкіндіктерді тудырады:



  • қысқа мерзімді мәелелерді анықтауға және перспективалық ой қалыптастыруға көмектеседі;

  • менеджерлерге ұйым қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді;

  • бақылау жүйесінің негізін қалыптастырады;

  • әртүрлі бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруға және басқаруға жағдай жасайды;

  • өкілеттілікті анықтайды.

Әдетте ұйымда бюджетті құрастырумен айналысатын комиссия құралады. Оның мүшелері бюджеттің құрастырылуына жауапты болады және құрастырылуын қадағалайды. Бюджеттік инспектор тағайындалуы да мүмкін.
Бюджетті құрастыру барысында ұйым шектеуші факторға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалы, біз қарастырып отырған басты шектеуші фактор – ол ақша қаражаттарының мөлшері, себебі бұл бюджет тарапынан қаржыландырылатын ұйым болып табылады. Әкімшіліктің бюджеті осы ақша қаражаттарының мөлшеріне қатысты, яғни шектеуші факторды ескере отырып құрастырылады. Ал қалған бюджеттердің барлығы осы шектеуші факторға қатысты құрылған бюджетті толықтырушы бюджеттер деп танылады. Жекелеген бюджеттерді құрастырудың екі әдісі бар:
1) «Жоғарыдан – төменге» әдісі, бұл әдіс бойынша әрбір бюджеттік саладағы жоғары басқарма жоспарлы бюджеттік көрсеткіштерді бекітеді, осы көрсеткіштерді төменгі сатылы басшылық өкілдерімен кеңесіп талқылайды және көрсеткіштерді нақты анықтағаннан кейін бюджетті бекітеді.
2) «Төменнен - жоғарыға» әдісі, бұл әдіст бойынша керісінше жоспралы көрсеткіштер алдымен төменгі басқару сатысында қалыптастырылады да кейін жоғары сатыға жіберіледі. Бұл әдісті қолданған жағдайда әрбір жоғары сатылы басшылық деңгейінде төменгі сатыдағылар өз көрсеткіштеріне негіздеме жасайды. Тәжірибеде бұл әдіс сирек қолданылады.
Қоғамның операциялық циклының маңызды аспектілерінің бірі ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Жалпы бюджетті дайындау барысында ақша қаражаттарының бюджеті барлық кезеңдік бюджеттер күрделі шығындар бюджеті және пайда және зиян жөніндегі бюджет дайын болғаннан кейін жасалады.
Ақша қаражаттарының бюджеті (ақша ағымының болжамы) бұл алдағы уақыт кезеңіне қатысты ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болжамы болып табылады. Ол ақша қаражаттарының барлық жоспарланған операциялар нәтижесіндегі түсімдері мен төлемдерін жинақтап көрсетеді. Бұл бюджет алдағы есепті кезең соңында жоспраланып отырған ақша қаражаттарының қалдық сомасын көрсетеді.
Ақша қаражаттарының бюджеті екі бөлімнен тұрады: күтілетін ақша қаражаттарының түсімдері және күтілетін ақша қаражаттарының төлемдері. Күтілетін түсімдер сомасын анықтау үшін сату бюджетінің ақпараттары пайдаланылады. Күтілетін төлемдер сомасы әртүрлі кезең бюджеттерінің негізінде жасалады.
Ақша қаражаттарының бюджетін жасаудың екі мақсаты бар:

  • ақша қаражаттарының кезең соңында жоспарланған қалдық мөлшерін көрсетеді және ол болжамды балансты құрастыруда қолданылады;

  • ақша қаражаттарының әр айдың соңындағы қалдықтарын болжай отырып, сол кезеңдегі қаржылық ресурстардың артық мөлшері немесе жетіспеушіліг жөнінде ақпарат алады.

Осылайша, екі мақсаты арқылы ақша қаражататрының бюджеті біріншіден жалпы бюджетті дайындаудағы ақша қаражаттары бюджетінің рөлі мен маңызын анықтаса, екіншіден қаржылық ресурстарды басқару құралы ретіндегі рөлін анықтайды.
Ақша қаражаттарының бюджетінің элементтері мен олардың ақпарат көздерін көрсету үшін келесі кестені құрастырамыз (кесте 1) [1].
Кесте 1 – Ақша қаражаттары бюджетінің элементтері мен ақпарат көздері

Ақша қаражаттары бюджетінің элементтері

Ақпараттық негізі

Ақша қаражаттарының түсімдері

Ақшаға сатудан

Сату бюджеті

Қарызға (несиеге) сатудан

Сату бюджеті

Өз активтерін сатудан түсімдер

Пайда және зиян жөніндегі болжамды есептілік

Алынған қарыздар (займдар)

Өткен кезеңнің ақша қаражаттарының бюджеті

Ақша қаражаттарының төлемдері

Тікелей материалдар үшін

Материалдарды сатып алу бюджеті

Көмекші материалдар үшін

Жалпы өндірістік шығындар бюджеті

Тікелей еңбек шығындары үшін

Еңбек бойынша бюджет

Жалпы өндірістік шығындар үшін

Жалпы өндірістік шығындар бюджеті

Коммерциялық шығындар үшін

Коммерциялық шығындар бюджеті

Жалпы және әкімшілік шығындары үшін

Жалпы және әкімшілік шығындары бюджеті

Күрделі шығындар үшін

Күрделі шығындар бюджеті

Пайда салығы үшін

Пайда және зиян жөніндегі болжамды есептілік

Пайыздық шығыстар үшін

Пайда және зиян жөніндегі болжамды есептілік

Қарыздарды қайтару үшін

Несиелік келісімдер

Басқару – арнайы әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын нақты қызмет түрі, белгілі-бір сипатта ұйымдастырылған қызмет. Бақылау – бұл басқарудың бір функциясы. Басқару теориясында бүгінге дейін басқару функцияларының нақты анықталған белгілері бойынша біртұтас жіктелімі жасалмаған. Басқару функциялары – бұл жалпы басқарушылық қызметтің бір бөлігі. Олар басқару жүйесінің құрылымын қалыптастырады.
Бүгінгі күні бақсарудың келесі 4 функциясы көп аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.[2]
Бақылау жалпы кеңінен таралған, қоғамдағы экономикалық өмірдің құбылысы деп танылады. Ол басқа құбылыстармен тығыз байланыста болғандықтан оның рөлі мен маңызы бүркемеленіп қала береді. Осы саланың сапалық ерекшелігін, рөлін түсіну мақсатында осы сала қызметіне жекелеген талдау жасау қажет.
Тиімді қолданылатын бақылаудың белгілі-бір нәтижеге бағытталған стратегиялық мақсаты болады, ол өз уақытында жүзеге асырылуға тиіс және мейлінше қарапайым болуы қажет. Яғни, бақылау дегеніміз басқарылатын объектінің нақты жағдайы мен қызметінің барысын байқау жүйесі болып табылады. Оның мақсаты қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу, басқару шешімдерінің орындалу нәтижесін бағалау, ауытқуларды анықтау, қолайсыз құбылыстарды болдырмау немесе уақыттылы хабарландыру болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған бақылау жүйесінсіз қоғамның қызмет атқаруы мен дамуы мүмкін емес. Осы орайда ішкі бақылаудың маңызы зор.
Ішкі бақылау бірнеше әрекеттер жиынтығын құрайтын ұйымның инфрақұрылымымен біріктірілген процес болып табылады. Ішкі бақылау ұйымның әрбір деңгейінде жеке адамдармен жүргізіледі. Ішкі бақылау жүйесінің жұмысы жазбаша бұйрық арқылы анықталған және өзіндік саясат болып табылады. Мұндай бақылаудың шектеулері болғандықтан маңызы жағынан төмен дәрежеде болуы мүмкін. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастырмас бұрын сол жүйені қалыптастыруға кететін шығындар мен алынатын пайданың өзара қатынасын зерттеген жөн.
Ақша қаражаттарының есебіне қатысты екі бұрмалау түрі орын алуы мүмкін:
- есептіліктегі ақша қаражаттарының мөлшері тиісті мөлшерінен жоғары болуы мүмкін;
- керісінше, ақша қаражаттарының мөлшері тиісті деңгейден әлдеқайда төмен көрсетілуі мүмкін.
Ішкі бақылау жүйесіне баға беру үшін:

  1. Ұйым қызметкерлерімен, немесе ақша қаражаттары есебіне қатысы бар тұлғалардан қаржылық есептілікте ақша қаражаттарының мөлшерінің қаншалықты бұрмалануы мүмкін екендігі жөнінде әңгімелесу;

  2. Осындай бұрмалаушылықтарды төмендетуге қатысты атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде сұрастыру;

  3. Осындай процедураларды жүргізуге мүмкіндік беретін құжаттарды сұрастырып алу;

  4. Іс-шаралардың нақты жүргізілгендігін растайтын ақпаратты сұрастыру;

  5. Мүмкіндігінше сондай процедураны қайталау;

  6. Осы ақша қаражаттарының есебіне қатысты бөлімшедегі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы жөнінде дұрыс қорытынды жасау.

Ақша қаражаттарының ішкі бақылау жүйесінің жағдайы келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі. Басты тәсіл түгендеу болып табылады. Есепті жылда жүргізілген түгендеу актілерін сұрастырып көру қажет, көпшілігінде нақты тексеру жүргіліместен рәсімделе салғаны анықталуы мүмкін. Аудитор да түгендеу комиссиясы мүшесі ретінде қатыса алады. Комиссияның әрбір мүшесімен сөйлесе отырып, олардан түгендеу жүргізілген уақытты, түгендеу жүргізу рет тәртібін сұрастыруға болады.
Тағы бір ерекше бақылау процедурасы кенеттен түгендеу жасау болып табылады. Кенеттен түгендеудің жүргізілгендігін, қалай жүргізілгендігін, кассирге ескертілгендігін сұрастырып білуге болады.
Кассалық операциялар көлемінің көп болған кезінде кассирлердің ротациясы (орындарын алмастыру) тәсілі қолданылады. Мұндай жағдайда кассирлердің ротациясының тәртібі және кестесімен танысып, кассирлердің шын мәнінде орын алмастырғандықтарын тексереді.
Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу нәтижесінде тиісті мөлшерден артық немесе кем шығуы мүмкін. Есепті жыл бойында кассадағы ақша қаражаттарының артуы, немесе кем шығуы жөнінде фактілердің орын алмауы да қосымша тексеру жасауды талап етеді.
Бақылау процедураларының тағы бір түрі кассирге өзінің меншікті ақша қаражаттарын ұстауына тиым салу болып табылады. Осындай тиым салынғандығы жөнінде нұсқаудың бар екендігін анықтап, оған кассирдің танысқандығы жөнінде қолының қойылып расталуын тексереді.
Тағы бір бақылау процедурасы кассаны, кассадағы қаражаттарды, касса қызметкерлерінің қорғанысы болып табылады, бақылаушы кассада сейфтің бар екендігін, темір есік, дабыл қағу тетігінің бар болуын тексеру, күзет ұйымымен арадағы келісімшарт жасалғанын тексеруі қажет.
Кенеттен тексеруді қайталап бақылау процедурасы ретінде қолдана алады. Кенеттен кассалық ордерлерді тексеріп, оларда рет саны, тиісті лауазымды тұлғалардың қолдарының болмауы ақша қаражаттары есебіне қатысты ішкі бақылау жүйесіндегі олқылықты көрсетеді.
Сонымен қатар, бақылаушы компьютерлік базаға шығыс немесе кіріс касса ордерлерінің реквизиттерін енгізіп, оны соған дейін алынған ордерлермен тексере отырып, компьютерлік жүйенің сенімділігі жөнінде шешім шығарады.
Ақша қаражаттарына қатысты заңнамалық талаптарға сәйкестігін тексеру барысында екі бағытта тексеру жүргізіледі:
- кассалық-бақылау техникасының қолданылуын тексеру;
- заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыруға қарсы тексеру.
Кассалық-бақылау құралдарының қоланылуы Қазақстан Республикасы өкіметінің 18.04.2002 жылғы №449 «Фискалды есте сақтау қабілеті бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану Ережесі» бойынша міндеттеледі. Осы техниканың дұрыс пайдаланылуының тексерілуі «бейтаныс сатып алушы» әдісі бойынша жүргізіледі, мұнда бақылаушы сатып алушы ретінде келіп, барлық ақша қаражаттарын қабылдау процесін сырттай бақылап тұрады.
Сонымен қатар, ақша қаражаттарымен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар заңсыз алынған ақша қаражаттарын касса арқылы заңдастыру және террористік әрекеттерді қаржыландырудан аулақ болу мақсатында арнайы өкілетті ұйымдар қабылдаған нұсаулықтарды, ішкі бақылау шараларын басышлыққа алуға тиіс. Және де кассадағы ақша қаражатттарының лимиті қаралған жағдайда шекті мөлшерді сақтаулары қажет.
Қорыта келе ішкі баықлау жүйесіне қатал талаптар қою, ақша қаражаттарының бюджетін құрастыру және ауытқуларды талдау жолдары арқылы ақша қаражаттарының сақталуын, орынды жұмсалуына жағдай жасайды деп ойлаймыз.


Әдебиеттер көзі:

  1. Николаева О.Е., Шишкова Т.В. Классический упарвленческий учет. М.:Издательство ЛКИ,2010.-400с.

  2. Бровкина Н.Д. Контроль и ревизия: Учебное пособие.М.:Инфра-м,2010.-364с.

Аннотация
Статья посвящена проблеме формирования бюджета денежных средств. Охарактеризована особенность системы внутреннего контроля, приведены возможные результаты контрольных процедур.
Abstract
The article deals with the budget funds. The features of the internal control system are the possible results of the control procedures.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет