Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет148/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   171
Жалпы кіші жіліншік нерві (n.peroneus communis) (L4-S2) шонданай нервінің сабауынан бөлінгеннен кейін сыртқа иіліп, caput fibulae-ны айналып өтіп, төмен қарай жоғарғы бұлшықет- кіші жіліншік өзегіне бағытталып, беткей және терең кіші жіліншік нервтеріне бөлінеді. Беткей кіші жіліншік нерві (n.peroneus superficialis) сирақтың латералды топ бұлшықеттерін, аяқ басы мен бақайлар сыртының терісін (І бақайаралық кеңістік терісі мен сәйкесінше Ү және ІҮ бақайдың сыртқы жартысының терісінен басқа) нервтендіреді. Терең кіші жіліншік нерві (n.peroneus profundus) кіші жіліншік бұлшықеттері қарыншасының жоғарғы бөлігі мен
балтырдың бұлшықетаралық алдыңғы қалқасын тесіп өтіп, асықты жіліктің алдыңғы тамырларымен бірге жүре отырып, membrane interossei cruris-дің алдыңғы бетіне жатады. Балтырдың алдыңғы бөлігінің барлық бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв аяқ басының сыртына шығып, бақайлардың қысқа бүккіші мен бірінші бақайаралық кеңістіктің терісіне тармақ береді.
Бұдан басқа, жалпы кіші жіліншік нерві жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншік өзегіне кіргенге дейін құрамында балтырдың сыртқы бетінің терісінен келетін талшық болатын икраның латералды терілік нервін (n.cutaneus surae lateralis) береді. Бұл нерв балтырдың төменгі үштен бір бөлігінде аттас медиалды нервпен қосылып, (n.cutaneus surae medialis) (асықты жілік нервінің тармағы) балтыр нервін (n.suralis) түзеді. Соңғысы төмен бағытталып, malleolus lateralis-ті артынан айналып өтіп, аяқ басының латералды жиегін бойлай жүре отырып, латералды толарсақ аймағының, аяқ басы сыртының латералды бетінің және ІҮ бақайдың жартысы мен Ү бақайдың терісінен тармақтар алады.
Асықты жілік нерві (n.tibialis) (L4-S3) тақым шұңқырының тамыр-нерв шоғырының қзұрамында (бұл жерде тамырлардың артында орналасады) беткей жүре отырып, балтыр- тақым өзегіне кіріп, malleolus medialis-ты айналып өтіп, аяқ басының табандық бетіне барып, медиалды және латералды табан нервтеріне бөлінеді. Асықты жілік нервінен тақым шұңқыры аймағында балтырдың медиалды терілік нерві (n.cutaneus surae medialis) шығып, балтыр бұлшықеті бастарының арасынан (аяқтың кіші теріасты нервінен сыртқа қарай) төмен бағытталып, дәнекер тармақтар арқылы n.cutaneus surae lateralis-пен бірігеді. Балтырдың артқы топ бұлшықеттеріне, тізе буынының капсуласына, сирақ-асық буынының медиалды бөлігіне және тілерсек буындарына көптеген тармақтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет