Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет50/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171
Білек сүйектерінің қосылыстары
Шынтақ жілік пен кәрі жілік үздіксіз және үздікті қосылыстар арқылы байланысқан. Екі сүйектің сүйекаралық жиектерінің аралығында білектің сүйекаралық жарғағы, membrana interossea antebrahii, орналасады. Сүйекаралық жарғақтың проксималды және дисталды бөліктерінде тамырлар мен нервтер өтетін тесіктер бар.
Жоғарыда көрсетілгендей articulatio radioulnaris proximalis шынтақ буынының құрамына кіреді. Дисталды шынтақ-кәрі жілік буыны, articulatio radioulnaris distalis,
кәрі жіліктің шынтақтық тілігі мен шынтақ жіліктің басынан түзілген. Кәрі жіліктің шынтақ жіліктік тілігінің төменгі бөлігі мен шынтақ жіліктің бізтәрізді өсіндісінің арасында фиброзды буындық диск, discus articularis, орналасқан. Ол дисталды кәрі- шынтақ жілік буынын кәрі жілік-білезік буынынан бөліп тұрады. Буынның қапшығы бос, мықты, буындық беттер мен дисктер жиегіне бекиді. Буын қуысының екі жіліктің аралығындағы проксималды бағытталған бөлігі қаптәрізді ұңғыл, recessus sacciformis, деп аталады. Проксималды және дисталды кәрі-шынтақ жілік буындары пішіні бойынша цилиндртәрізді, бір білікті және үйлесімді буын. Бұл буындарда кәрі жілік шынтақ жілікті айнала қозғалады: кәрі жіліктің проксималды шеті (эпифизі) орнында тұрып, вертикалды білік бойынша екі буында айналады (articulatio radioulnaris proximalis және humeroradialis-терде), төменгі шеті - шынтақ жіліктің басын айнала қозғалады. Шынтақ жілік қозғалыссыз күйінде қалады. Кәрі жілік қозғалғанда қол басы бірге қозғалады (пронация және супинация). Шынтақ-кәрі жілік буындарындағы қозғалыс көлемі 180° шамасында болады.

Кәрі жілік-білезік буыны мен қол басы сүйектерінің қосылыстары


Кәрі жілік-білезік буыны, articulatio radiocarpalis, адамда өте жетілген буын. Буынды проксималды жағынан кәрі жіліктің білезіктік буындық беті, буындық диск және дисталды жағынан білезіктің проксималды қатарының үш: қайықтәрізді, жартыайтәрізді және үшқырлы сүйектері түзеді.
Буындық диск, discus articularis, шынтақ жіліктің басын білезік сүйектерінің проксималды қатарынан бөліп тұрады. Осыған байланысты шынтақ жілік, кәрі жілік- білезік буынын құруға тікелей қатыспайды. Құрылымы бойынша бұл буын күрделі, пішіні бойынша – эллипстәрізді, екі білікті, кешенді буын. Фронталды білік бойынша – бүгу (80°-дейін) және жазу (45° шамасында); сагитталды білік айналасында – әкелу (40°-дейін) және әкету (20°-дейін), сонымен қатар циркумдукция (шеңбер бойынша айналу) қызметтері іске асады. Буын қапшығы жұқа, қосылысатын сүйектердің буындық беттерінің жиектеріне бекиді. Буын қапшығын нығайтатын байламдар: латералды жағында – білезіктің кәрі жіліктік жанама байламы, lig.collaterale carpi radiale – кәрі жіліктің бізтәрізді өсіндісінен қайықтәрізді сүйекке барады; медиалды жағында – білезіктің шынтақ жіліктік жанама байламы, lig.collaterale carpi ulnare – шынтақ жіліктің бізтәрізді өсіндісінен бұршақтәрізді сүйекке барады; алдыңғы жағында
кәрі жілік-білезіктік алақандық байлам, lig. radiocarpale palmare, кәрі жіліктің дисталды шетінің алдыңғы бетінен басталып білезік сүйектерінің проксималды қатарына және басты сүйекке барады; кәрі жілік-білезіктік сыртқы байлам, lig. radiocarpale dorsalе, кәрі жіліктің дисталды эпифизінің артқы бетінен басталып, білезік сүйектерінің проксималды қатарына барады.
Білезіктің ортаңғы буынын, articulatio mediocarpalis,білезіктің проксималды қатарының үш сүйегі (бұршақтәрізді сүйектен басқасы) мен дисталды қатардың сүйектері түзеді. Буын қуысы S-тәрізді саңылау түрінде болады да, оның бөліктері сүйектердің аралықтарына еніп тұрады. Буын қуысының мұндай пішінді болу себебі, қайықтәрізді сүйек (проксималды қатардан) бір жағынан, басты сүйек пен ілмектәрізді сүйек (дисталды қатар) екінші жағынан буын қуысына еніп тұрады. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді, сыртқы жағынан өте жұқа, біраз бостау болып келеді. Қосылысатын буындық беттердің көлемдерінің айырмашылығы аз, сондықтан бұл аз қосылысты буындарға жатады, қимыл тек фронталды білік айналасында (бүгу, жазу), кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыспен бірге іске асады (үйлесімді буын). Буын қуысы білезікаралық буындардың қуыстарымен жалғасады.
Білезікаралық буындар, articulationes intercarpales, білезіктің жеке сүйектерінің араларында орналасқан. Оларды сүйектердің бір-біріне қараған, пішіндері жалпақ болып келетін буындық беттері түзеді.
Білезіктің ортаңғы және білезікаралық буындарын бекітетін байламдар: білезікаралық алақандық байламдар, ligg. intercarpalia palmaria, жеке сүйектерді алақандық беттері жағынан қосып, негізінен көлденең бағытта орналасады; білезікаралық сыртқы байламдар, ligg. intercarpalia dorsalia, жеке сүйектерді сыртқы жағынан қосып, оларда негізінен көлденең бағытта орналасады. Алақандық бетте жақсы дамыған білезіктің тарамдалған байламы, lig. carpii radiatum, бар, ол басты сүйектен басталып, тарамдалып көрші сүйектерге бекиді. Білезікаралық сүйекаралық байламдар, ligg. intercarpalia interossea, жеке сүйектердің аралықтарында, буын ішінде орналасады.
Бұршақтәрізді және үшқырлы сүйектер жеке – бұршақтәрізді сүйектің буынын, articulatio ossis pisiformis, құрайды. Ол сирек жағдайда кәрі жілік-білезік буынымен байланыста болады. Бұл буынды m.flexor carpi ulnaris-тің жалғасы болып табылатын екі байлам: бұршақ-ілмектәрізді байлам, lig. pisohamatum, және ІV-V алақан сүйектерінің негізіне баратын бұршақ-алақан сүйектік байлам, lig. pisometacarpale, бекітіп тұрады.
Білезікаралық буындарда бүгу, жазу кезінде сүйектердің өзара аздаған ығысуы іске асады.
Білезік-алақан сүйектік буындар, articulationes carpometacarpales, бас бармақтың білезік-алақан сүйектік буыны және ІІ- V саусақтардың білезік-алақан сүйектік буындары деп бөлінеді. Оларды білезіктің дисталды қатарының сүйектері мен алақан сүйектерінің негіздері түзеді.
Бас бармақтың білезік-алақан сүйектік буыны, articulationes carpometacarpales pollicis, трапециялық сүйектің дистальды беті мен І алақан сүйектің негізі аралығында түзілген. Пішіні бойынша ертоқымтәрізді, екі білікті буын. Трапециялық сүйек арқылы өтетін фронталды білік бұл буында тікелей фронталды жазықтықта емес, оған біраз бұрыш түзе орналасады. Осыған байланысты бүгу кезінде бас бармақ басқа саусақтарға қарсы алақан жаққа қозғалады, бұл қимыл - oppositio (қарсы қою), ал жазу – repositio (кері қою), деп аталады. Бірінші алақан сүйектің негізі арқылы өтетін сагитталды біліктің айналасында бас бармақты сұқ саусаққа әкелу және әкету қимылдары іске асады. Аталған екі біліктің айналасындағы қимылдар өзара жалғасқан кезде циркумдукция қимылы іске асады.
ІІ-V саусақтардың білезік-алақан сүйектік буындары, articulationes carpometacarpales II-V, білезіктің дисталды қатарының сүйектері мен II-V алақан сүйектерінің негіздері құраған күрделі буын. Буын қапшығы төрт буынға ортақ, жұқа, бірақ қатты тартылған, буын қуысы көлденең орналасқан саңылау түрінде болады. Буын қуысы білезікаралық буындар арқылы білезіктің ортаңғы буынымен, сонымен қатар алақан сүйектер аралық буындармен байланыста болады. Буын пішіні бойынша жалпақ, көп білікті, қосылысатын буындық беттерінің айырмашылығының аз және мықты байламдарының болуына байланысты, бұл буында қозғалыс өте аз көлемде іске асады. Буынды, алақандық және сыртқы жақтарынан мықты білезік-алақан сүйектік алақандық байламдар, ligg. carpometacarpalia palmaria, және білезік-алақан сүйектік сыртқы байламдар, ligg. carpometacarpalia dorsalia, бекітіп тұрады.
Алақан сүйектер аралық буындар, articulationes intermetacarpales, II және V алақан сүйектері негіздерінің бір-бірімен жанасып тұратын беттері арқылы түзілген. Байламдары: алақан сүйектік алақандық байламдар, ligg. carpometacarpalia palmaria, және алақан сүйектік сыртқы байламдар, ligg. carpometacarpalia dorsalia, қатар орналасқан алақан сүйектерін көлденең бағытта қосады; буын ішінде алақан сүйектік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет