Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет10/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171
Тұлға сүйектерінің эмбриогенезі
Тұлға сүйектері өз даму үрдісінде үш кезеңнен өтеді: жарғақтық, шеміршектік және сүйектік. 7-8 мм ұзындықтағы адам ұрығында әр сегмент аумағында оң және сол склеротомдар жасушалары жұлын затына ауысады. Осында жасушалар сегменттерге топтасады. Әр сегмент болашақ жарғақты омыртқаның денесі мен жұп өсінділерін (нейтралдық және қабырғалық) құрады. Склеротомдар мен омыртқа денелерінің орналасу деңгейінде сәйкестік жоқ. Осылай адамның бастапқы эмбриогенезінде 38-39 жарғақты омыртқалар қалыптасады, іле-шала осы ретпен хондрификацияға өтеді. Шеміршектік омыртқа денесінің моделін оның ең соңғы пішіні қайталайды. Осы кезең бойы әр жаңадан түзілген сегменттерде жоғарыда еске алынған өсінділердің дамуы нәтижесінде нейтралдық және қабырғалық, шеміршектік доғалар пайда болады. Нейтралдық доғадан толығымен омыртқа доғасы, буындық, қылқанды, көлденең өсінділер дамиды, ал қабырғалар мен төстің дамуы қабырғалық доғадан басталады.
Адамның бастапқы эмбриогенезінде омыртқалар мен қабырғалар саны кейінгі кезеңнен көбірек болады. Бара-бара бұл сүйектердің каудалды бөлігі кері дамуға ұшырайды. Сөйтіп дененің төменгі бөлігінің омыртқалары мен қабырғалары құрып кетеді, ал мойын және бел сегменттерінің қабырғалары рудимент түрінде сақталады: жалған қабырғалар және толық дамымаған төстің төменгі сегменттері.


Иық белдеуінің сүйектері
Иық белдеуі сүйектері (cingulum membri superioris) адамдарда басқа сүтқоректілер сияқты толық емес. Ол төменгі сатылы омыртқалылардағыдай барлық тұлғаны қамти алмайды, екі сүйектен құралған: жауырын және бұғана.
Жауырын (scapula) ІІ-ҮІІ қабырғалар аралығында, кеуде торының артқы бетіне жанаса орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Жауырынның осындай қалпы кеуде торының жалпақ пішінді (арттан алға) болуынан, жауырында үш жиек ажыратылады – медиалды (едәуір қалың), латералды және жоғарғы (ең жұқасы). Ол құстұмсық тәрізді өсінді (processus coracoideus) және тілікпен (incisura scapula) аяқталады. Аталған
жиектер бір-бірімен үш бұрыш арқылы қосылады: қалың төменгі, ең жұқа жоғарғы және жауырынның мойны (collum) мен буындық ойысы (cavitas glenoidalis) орналасқан, латералдық. Ойыстың жоғарғы және төменгі жиектерінде иықтың екі және үш басты бұлшықеттерінің ұзын бастары басталатын буынүстілік және буынастылық төмпешіктер (tuberculum supra- et infraglenoidale) орналасады. Жауырында екі бетті ажыратады: үстінде үшбұрыш пішінді көлденең бағыттағы, қалыңдаған бос ұшы ауқымды өсінді – акромионмен аяқталатын жауырын қылқаны (spina scapula) орналасқан дорсалды (артқы) беті. Акромионның ұшында бұғанамен байланысатын буындық бет болады.
Жауырын қылқаны артқы беттің тең емес екі шұңқырға бөледі: қылқанүсті (fossa supraspinata) және қылқанасты (fossa infraspinata), бұларда аттас бұлшықеттер жатады.
Қабырғалық (алдыңғы) беті біршама ойыстау, жауырынасты бұлшықеті орналасқан жауырынасты шұңқырын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет