Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет1/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
АДАМ АНАТОМИЯСЫ

ОҚУЛЫҚ
Жалпы редакциясын басқарған профессор Т.М.Досаев



Алматы 2016

УДК 618 (075.8)
ББК 57.16 я 73 Д14
Пікір білдірушілер:
Профессор Ы.А.Алмабаев (ҚазҰМУ)
Профессор Б.Ж.Салимгереева (Қазақстан-Ресей медицина университеті)
Авторлар ұжымы: Б.Ш.Шәкенов, А.М.Искиндирова, Л.А.Искакова, Т.М.Досаев

Д14Адам анатомиясы: оқулық. Жалпы редакциясын басқарған профессор Т.М.Досаев. – Алматы, 2016. – 366 бет.


ISBN 9965-604-95-9


Алғы сөз
Білім сапасын онан әрі жетілдіруге, алған дипломдар мен дәрежелерді бір-бірімен сәйкестендіруге (бакалавриат - магистратура - докторантура PhD) және европалық бірыңғай білімдік үдеріске қатынасуға Қазақстан 2010 жылы Болон үрдісіне қосылды. Осыған байланысты Медициналық университеттер студенттерден уақыттарының басым бөлігін оқу материалдарын өзіндік игеруді талап ететін, анатомияны оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына көше бастады.
Бұл өз ретінде оқулықтармен оқу құралдарының мазмұнын жаңа қабылданған МЖББС-ге (ГОСО-ға) сәйкес қайта қарап басып шығаруды алға қойды. Осыларды ескере отырып жоғары оқу орынында анатомиядан сабақ беруде көп жылдық тәжірибелері бар авторлар ұжымы, жаңа бағдарламаға лайықталған және «Жалпы медицина» факультеті бакалаврларына арналған «Адам анатомиясы» оқулығын дайындады.
Білім жүйесін қайта құру студенттердің өзіндік жұмысын әрі қарай дамытуға бағытталғанын ескере отырып авторлар студенттерге қолжетімді тілмен ағзалардың және тұтас организмнің құрылысы туралы қысқа да нұсқа мәліметтер берді.
Оқулық медицина университеттерінің бакалаврлар бағдарламасымен оқитындарға және медицина колледждері студенттеріне арналған.

Остеология


Анатомияның бұл бөлімінде адамның қатты қаңқасы зерттеледі. Барлығы 208 сүйектен құралған қаңқа дененің ауқымды бөлігін алып жатыр. Қаңқаның жалпы салмағы 5-6 кг. Бұл әйелдердің жалпы салмағының 8,5℅ құраса, еркектерде 10 ℅ дейін жетеді.


Қозғалыс аппараты екі бөліктен тұрады: сүйектер мен олардың қосылыстарынан тұратын – пассивті бөлігі және қаңқа сүйектері иіндерін қимылға келтіретін, бұлшықеттерден тұратын – активті бөлігі. Қатты немесе сүйектік қаңқа адам денесі тірек аппаратының көлемді де күрделі дәнекер тіндік жүйесінің бөлігі болып саналады. Бұл жүйеге сүйектер, олардың қосылыстары, шеміршектер және тері, шандырлар, ағзалардың дәнекертіндік қабықтары, ағзааралық қуыстарды толтыратын май тіндері, ағзаларды құрайтын ішкі құрылымдарды біріктіретін немесе бір-бірінен оқшаулататын ағзаішілік дәнекертіндік қалқалар (бұлшықеттік талшықтар будалары, без үлесшелері және т.б.) кіреді.
Жоғарыда келтірілген мағлұматтарды елестету үшін дененің бір құрылысын зерттеп көрейік. Мысалы, сан аймағы барлық дене секілді терімен қапталған, егер теріні сылып алып тастасақ оның астында орналасқан жұқа және мөлдір дәнекертіндік қабықты байқауға болады. Ол беткей шандыр, одан санның тініне тереңдеп, бұлшықеттердің арасына өтіп, оларды бір-бірінен бөлетін немесе бұлшықеттер топтарын ажырататын шандырлық қалқалар шығады. Олар өз кезегінде ортан жіліктің сүйектік қабықшасымен тікелей жалғасады. Сөйтіп, бұлшықеттер, нервтер, қан тамырлар және осы ағзаға қатысы бар (осы жағдайда - сан) басқа да жұмсақ бөліктер бірнеше дәнекертіндік табақшалық қабықтар арқылы осы аймақтың қатты қаңқасына – ортан жілікке бекиді.
Әр сүйек – ағза, ал ағза организмде алатын өзіндік орны бар, өзіне тән пішіні, құрамы және қызметтік ерекшелігі бар дененің бір бөлігі.
Қаңқаны зерттегенде оның әртүрлі пішінді сүйектер қосылысынан құралғанын байқауға болады. Сондықтан оларды төмендегідей нақты пішіндік топтарға бөлуге болады.

  1. Жілік сүйектер: ұзын (білек, сирақ сүйектері), қысқа (саусақтар, бақайлар) – олар адам денесінде иіндік қызмет атқарады. Ұзын жілік сүйектерінің шеттері жуандап, беттері буындық шеміршекпен жабылып, буындық беттер түзеді. Ұзын жілік сүйектерінің жуандаған бөліктері эпифиз немесе эпифизарлық

шеттер, ортаңғы бөліктері – диафиз, ал диафиздің эпифизге ең жақын бөлігі – метафиз деп аталады. Ұзын жілік сүйектерінің диафиздері - тығыз, ал метафиздері - кеуекті заттардан құралған.

  1. Қысқа сүйектер қаңқаның ауқымды қозғалатын аймақтарының қаңқаға түсетін қысымдық күштерге қарсы тұра алатын жерлерінде кездеседі. Мысалы, сирақтың аяқ басымен, білектің қол басымен байланысатын жерлерінде біріншісінде жеті - тілерсектің, екіншісінде сегіз – білезіктің қысқа сүйектері орналасқан. Қысқа сүйектер ұзын сүйектердің эпифизіне ұқсас сыртынан жұқа тығыз затпен қапталған кеуекті заттан тұрады.

  2. Жалпақ сүйектер қаңқаның кейбір қуыстарының қабырғаларын құруға қатысады. Оларға бассүйек күмбезінің сүйектерін жатқызуға болады. Жалпақ сүйектер бұлшықеттер басталатын немесе бекитін беттер түзеді. Осындай маңызы бар сүйектерге жауырынды жатқызуға болады. Барлық жалпақ сүйектерге тән ерекшелік – олар араларында кеуекті заттар (диплоэ) орналасқан екі тығыз табақшадан құралған.

  3. Аралас сүйектер. Оларға мысал, омыртқалар. Омыртқаның денесі қысқа сүйектер сияқты құрылса, денесі мен өсінділері жалпақ сүйектерге ұқсайды. Бұл омыртқалар қызметінің жан-жақтылығына байланысты.

  4. Ерекше пішінді сүйектер деп пневматикалық немесе ауалы сүйектерді айтуға болады. Олар қабырғалары шырышты қабықпен қапталған, ауаға толы қуыстардан тұрады. Құстар қаңқасы көпшілігінде осындай сүйектерден құралса, адамдарда – қойнауы бар жоғарғы жақсүйек, маңдай сүйек, сына тәрізді сүйек, ауалы ұяшықтардан құралған торлы сүйек және самай сүйектің кей бөліктері. Сүйек қызметіне олардың пішіні ғана емес, сүйектің нәзік құрылысы мен архитектурасы да тығыз байланысты және ол сонымен анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет