Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет110/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171
Мидың дамуының графологиялық сызбасы

І ІІ ІІІ

Prosencephalon Mesencephalon Rhombencephalon





Telencephalon Diencephalon Mesencephalon Metencephalon Муelencephalon






1.үлкен ми

1.таламус

1.ми аяқшалары

1.көпір

1.IV-қарынша

сыңарлары

2.эпиталамус

2.төрт төбешік

2.мишық
















2.ромбтәрізді

2.базальды

3.метаталамус

3.ортаңғы ми

3.IV-қарынша

шұңқыр

ядролар




суқұбыры



















3. Бассүйек

3.бүйір

4.гипоталамус




4.ромбтәрізді

нервтерінің

қарыншалар







шұңқыр

5.бассүйек



ядролары

нервтерінің ядролары


Жұлын


Жұлын, medulla spinalis, омыртқа бағанасы өзегінде орналасқан. Пішіні алдынан артына қарай аздап қысыңқы, цилиндртәрізді болып келеді. Оның мойындық, кеуделік жәнет белдік бөліктерін ажыратады. Ұзындығы еркектерде орта есеппен 45 см,әйелдерде 42 см шамасында,жуандығы 8 мм-ден( кеуделік бөлігінде) 14 мм- ге (мойындық және белдік бөліктерінде) дейін болады . Жоғарғы жағында, шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейінде жұлын сопақша миға жалғасады. Бұл жерде жұлыннан бірінші жұп жұлын нервтері шығады. Жұлынның төменгі шеті сүйірлене милық конус, conus medullaris,
түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке соңғы жіпке, filum terminale, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның жуандаған мойындық буылтығы, intumescentia cervicalis және бел сегізкөздік буылтығы, intumescentia lumbosacralis, бар, олардан қол және аяқ нервтеледі, сондықтан аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның алдыңғы бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, артқы бетінде артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior,орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі. Жұлынның әрбір жартысында алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis және артқы латералды жүлге, sulcus posterolateralis, өтеді. Артқы латералды жүлгеге артқы түбіршік, radix posterior (сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен қосылатын жерінде жұлын түйіні, ganglion spinale, орналасқан, ол жалған бір өсінділі (жалған униполярлы) сезімтал нейрондардан түзілген. Осы нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден алдыңғы түбіршік, radix anterior (қозғалтқыш), шығады. Бұл түбіршік жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін, nervus spinalis,түзеді. Жұлыннан 31 жұп жұлын нервтері шығады.
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі ) жұлынның сегменті, деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақтық (Co1), барлығы 31сегмент бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді. Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа бұлшықеттері енеді.
Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia gris , және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет