Қанменқамтамасыздануы. Төменгі қалқанша артериясы мен кеуденің ішкі артериясы тармақтары арқылы.
Веналықағым. Иық – бас венасына, кеуденің ішкі венасына, төменгі қалқанша венаға.
Нервтенуі. Симпатикалық сабаудың мойын бөлігінің түйіндері, кезбе нерв (Х- жұп) тарсмақтары және мойын жұлын нервтері.
Гипофиз Гипофиз (hypоphysis, glandula pituitria), Омыртқалылар мен адамдарда гипофиз екі негізден дамиды: ауыз қуысының қойнауының жұтқыншақтық қалтасының томпаюынан және аралық мидың өсіндісінен (құймасынан). Адамда, гипофиз, шағын (мөлшері 10х15х5 мм, салмағы 0,3 – 0,7 гр), қызғылт түсті, түрік ертоқымының гипофиз шұңқырында орналасқан, құйма және сұр төмпемен кішкентай аяқшамен байланысқан сопақша пішінді дене. Гипофиздің екі бөлігін ажыратады: алдыңғы – аденогипофиз (lobus anterior adenohypophysis) – бездік (ауыз қойнауының эктодермасының туындысы) және артқы - нейрогипофиз (neurohypophysis) – нейроглийдің туындысы. Құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес алдыңғы үлестің төмпелік, аралық және дистальді бөліктерін ажыратады.
Қызметі. Гипофиздің алдыңғы бөлігі дененің өсуі мен дамуын реттейтін (соматотропты), жыныс бездерінің (гонадотропты), қалқанша бездің (тиреотропты), бүйрекүсті бездің қыртысының және басқалардың қызметтерін күшейтетін гормондар өндіріп шығарады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметін өз ретінде аралық мидың нейрогормондары реттейді. Артқы бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді. (жатыр, тамырлар ж.б.) және бүйректегі су реабсорбциясына (сіңіру) әсер етеді. Аралық бөлігі терінің түсін реттейтін гормон бөліп шығарады.
Қанменқамтамасыздануы. Гипофиздің алдыңғы бөлігі артериялық қанды үлкен мидың артериялық шеңберінен алады, ал веналық ағым мидың үлкен венасына құяды. Артқы бөлігіне артериялық қан ішкі ұйқы артриясының тармақтары арқылы келеді, веналық ағым үңгірлі қойнауға құяды.
Томпақдене(corpuspiniale) Омырқалылардың филогенезінде томпақ дене төбелік көру ағзасынан дамыған, заманауй дөңгелек ауыздыларда көз тәрізді құрылым әлі сақталған, ал құйрықсыз амфибияларда тері астылық қалдық түрінде байқалады. Сүтқоректілерде төбелік көру ағзасы эндокринді безге айналады.
Адамның томпақ денесі, кішкентай (8х(4-6) мм), краниалді – каудальдық бағытта қабысқан, қоңыр – қызғылт түсті, ортаңғы ми қақпағының табақшасының жүлгесінде орналасқан, аралық ми мен төмпе үсті аймақпен жүгендер дәнекері арқылы байланысқан без.
Қызметі. Томпақ дененің гормондары жыныс бездердің дамуына және қызметіне тежегіш әсерін тигізеді. Жас жануарлардың томпақ денесін алып тастағанда немесе оның туа біткен ақауларында олардың денесінің қарқынды өсуі және мерзімінен бұрын жыныстық пісіп жетілуі байқалады.