Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет53/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171
Аяқтың еркін бөлігінің қосылыстары

Ұршық буыны


Ұршық буыны, articulatio coxae, жамбас сүйектің ұршықтық ойысы мен ортан жілік басынан түзілген. Ұршық ойысының жиегінде – ұршықтық ернеу, labrum acetabulare, орналасқан, оның ұршық ойысы тілігінің үстінен өтетін бөлігі – ұршық ойысының көлденең байламы, lig. transversum acetabuli, деп аталады. Олар буынның конгруэнттілігін арттырады.
Буын қапшығы ұршық ойысының жиегіне, ортан жіліктің алдыңғы жағында linea intertrochanterica-ға, артқы жағында crista intertrochanterica-ның ішкі жағына бекиді.
Ортан жілік мойынының көп бөлігі буын қуысының ішінде орналасады. Ұршық буынын: ұршық ойысының көлденең байламы, ортан жілік басының байламы, мықын- ортан жілік, шонданай-ортан жілік, қасаға-ортан жілік байламдары және дөңгелек аймақ бекітіп тұрады. Ұршық буынының ерекшелігі – ортан жілік басы байламының, lig. capitis femoris, болуы, ол incisura acetabuli және lig. transversum acetabuli-ден басталып, fovea capitis femoris-ке бекиді. Байлам синовиалық қабықпен жабылған Байламның ішінде ортан жіліктің басын қоректендіретін қан тамырлары өтеді.
Мықын-ортан жілік (Бертини) байламы, lig. iliofemorale (Bertini), қалыңдығы 1 см-дей болатын осы буынның ең берік, мықты байламы (300 кг-ға дейінгі жүктемені ұстайды). Оның дамуы тік жүру қызметімен тығыз байланысты – дененің артқа қарай
құлауына кедергі болады. Байлам мықындық алдыңғы төменгі қылқаннан басталып, ұрышқаралық сызыққа бекиді.
Қасаға-ортан жілік байламы, lig. pubofemorale, қасаға сүйектің жоғарғы тармағынан басталып, ұршықаралық сызықтың төменгі бөлігіне бекиді.
Шонданай-ортан жілік байламы, lig. ischiofemorale, буынның артқы жағында орналасқан, шонданай сүйектің денесінің алдыңғы бетінен басталып ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына бекиді. Аталған үш байлам буын қапшығымен тұтасқан.
Дөңгелек аймақ, zona orbicularis, – буын қапшығының фиброзды жарғағының ішінде орналасады, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықындық алдыңғы төменгі қылқанның астына бекиді.
Ұршық буынының пішіні тостағантәрізді, көпбілікті буын. Фронталды білік айналасында бүгу (105-120°) және жазу (15°-қа дейін), бүгу кезінде сан алдыға, жазу кезінде артқа қозғалады. Сагитталды білік бойынша әкелу (35°-қа дейін) және әкету (75°-қа дейін) қимылдары, вертикалды білік айналасында ішке айналу (пронация) және сыртқа айналу (супинация) қозғалыстары (жалпы айналу көлемі 40-45° шамасында) және шеңбер бойынша қозғалу (циркумдукция) іске асады.
Тіректік қызметіне байланысты ұршық буынындағы қозғалыс көлемі иық буынына қарағанда шектеулі, себебі: ұршық ойысы терең, яғни қосылысатын буындық беттер көлемінің айырмашылығы аз, байламдары жақсы дамыған және буынды күшті бұлшықеттер қоршап жатады. Осыған байланысты ұршық буынының шығып кетуі сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет