Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет86/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   171
НЕФРОН-nephron
НЕФРОН, бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нефрон саны әр бүйректе 1 млн.шамасында. Нефронның құрамына Боумен-Шумлянский қапшығы мен өзекшелер кіреді. Осы қапшық капиллярлық торды қапсырып мальпиги (бүйрек) денешігін (corpusculum renale) түзеді. Боумен-Шумлянский қапшығы проксимальдық өзекшелерге (tubulus contortus proximalis), жалғасып әрі қарай Генле ілмегіне (ansa nephroni) өтеді.Ол өз ретінде дистальдық ирелеңдеген өзекшелерге (tubulus renalis distalis) ауысып жинақтаушы түтікшелерге (tubulus renalis collagenes) құяды, ал жинақтаушы түтікшелер бүртіктік жолдармен аяқталады. Нефронның 1%-ы ғана қыртысты затта орналасқан. Нефронның
20%-ның Генле ілмегі ұзын болса, 80%-ы, милы заттың сыртқы бөлігіне ғана енетін қысқа Генле ілмегінен тұрады.


БҮЙРЕКТІҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ НЕРВТЕНУІ
БҮЙРЕК АРТЕРИЯСЫ іш қолқасынан басталып бүйрек қақпасына кіре бере алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді, кейде қосымша тармақтарда байқалады. Бүйректегі қан айналымы өте қарқынды болғандықтан ол арқылы тәулігіне 1,5 т. қан өтеді. Бүйрек артериясы түбектің алдында және артында сегменттік артерияларға бөлінеді. Артқы тармағы тек қана артқы сегментті қанмен қамтамасыз етсе, алдыңғысы қалған сегментерді қамтамасыз етеді. Өз ретінде сегменттік артериялар, бүйрек бағаналары мен пирамидалар арасымен өтетін үлесаралық, ал олар милы және қыртысты заттар шекарасында доғалық артерияларға бөлінеді. Үлесаралық және доғалық артериялардан бүйректің милы затын қанмен қамтамасыздандыратын тік артериолдар басталады. Қыртысты затқа доғалық артериялардан әкелуші шумақ артериолдарына (arteriola glomerularis afferens) бастама беретін қыруар үлесшеаралық артериялар шығады. Әкелуші шумақ артериолдары әрі қарай капиллярларға ыдырап, олардың ілмектері шумақ (glomerulus) түзеді.
Әкетуші шумақ артериолдары (arteriola glomerularis efferens), әкелуші артериолдардан көлемі кішірек, бүйректің милы және қыртысты заттарында капиллярлық тор түзеді. ВЕНАЛЫҚ АҒЫМ төмендегідей: қыртысты заттың капиллярлық торы қосылып венулалар түзеді, олар бір-бірімен бірігіп милы заттың веналарымен бірге доғалық веналарға құяды.Доғалық веналардың жалғасы үлесаралық веналарға бірігіп бүйрек қойнауы ішінде ірі-ірі веналарға құяды, олардан бүйрек венасы құралып төменгі қуыс венаға ашылады.
Бүйректің лимфа тамырлары қантамырлармен қатар жүреді. Бүйрек афференттік (төменгі кеуделік, жоғарғы белдік жұлын түйіндері), симпатикалық (құрсақ өрімі, симпатикалық сабау) және парасимпатикалық - кезбе нерв тармақтары арқылы нервтенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет