167
- медиалді:
m.adductor.
Бұлшықеттердің көмекші аппараты
1.
Шандырлар
– тері асты шелмай қабатын шектеп, бұлшықеттерді және кейбір ішкі
ағзаларды қаптап жататын дәнекер тінді қабық болып табылады.
Беткей шандыр
теріасты шелмай қабатының астында орналасады. Ол дәнекер тінді
тартпалар арқылы терімен мықты байланысады да, тері асты шелмай қабатын ұяшықтарға
бөліп тұрады.
Меншікті шандыр
дененің әртүрлі бөлімдеріндегі
бұлшықеттерді жауып, жеке
немесе бір топ бұлшықеттерге құндақтар түзеді. Олар орналасқан аймақтарына сәйкес
аталады: арқаның,
кеуденің, іштің, мойынның, бастың, иықтың,
білектің, қол ұшының
және т.б. меншікті шандырлары.
Меншікті шандыр фиброзды немесе сүйекті-фиброзды құндақтар түзеді.
Фиброзды
құндақтар барлық жағынан тек шандырлармен ғана шектелген. Сүйекті-фиброзды
құндақтарды меншікті шандыр және жақын жатқан сүйектің сүйекқабы түзеді.
Құндақтардың орын ауыстыру ерекшеліктері мен құрылысын біле отырып,
жарақаттар
мен іріңді үрдістер кезінде қан мен іріңнің таралу жолдарын болжап,
сонымен қатар
құндақтық анестезия жасауға болады.
Ішкі (қуысішілік) шандыр
дене қуысын ішінен астарлайды. Қуыстар мойын, кеуде,
іш аймақтарында бар, сондықтан да мойынішілік, кеудеішілік және іштік шандырлар деп
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: