208
шырышасты негізінен, сыртында бойлық және дөңгелек
қабаттардан тұратын
бұлшықеттік қабықтан тұрады.
Ұма (scrotum)-іштерінде атабездер орналасқан, бір-бірінен оқшауланған екі камерадан
тұратын, іштің алдыңғы қабырғасының өсіндісі болып табылады.
Ұма жеті қабаттан тұрады:
1. Тері (cutis)
2. Етті қабықша (tunica dartos)
3. Сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa)
4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica)
5. Атабезді көтеретін бұлшықет (m.cremaster)
6. Ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna)
7. Атабездің қынаптық қабығы (tunica vaginalis testis), оның париетальді және висцеральді
табақшаларын айырады. Қанмен қамтамасыздануы, жыныстық сыртқы артерия, шап
артериясы және төменгі құрсақүсті артерия тармақтарымен. Веналық ағым, сан және
жыныстық ішкі веналарға құяды. Лимфа ағымы, беткей шап лимфа түйіндеріне жетеді.
Нервтенуі, жыныстық нерв, сан-жыныстық нерв тармағы, төменгі құрсақастылық өрім.
АТАБЕЗ
ЖӘНЕ
АТАБЕЗ
ҚОСАҚЫСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ,
ҚАНМЕН
ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ, НЕРВТЕНУІ
Атабез (testis), сперматозоидтар түзетін, гормондарды қанға бөліп шығаратын жұп ағза.
Атабездер ұмада орналасып бір-бірінен қалқамен бөлінеді, беті тегіс, сопақша келген.
Атабездің салмағы-25гр
шамасында, мөлшерлері келесідей: ұзындығы-4см ені-3см-ге
дейін,қалыңдығы-2 см шамасында. Атабездің жоғарғы және төменгі ұштарын (extremitas
superior et inferior), артқы және алдыңғы жиектерін (margo anterior et posterior) медиальді
және дөңестеу латеральді беттерін (facies medialis et lateralis) ажыратады. Жоғарғы
ұшында атабез өсіндісін (appendix testis)көруге болады. Атабез сыртынан, астында атабез
паренхимасы (parenchyma testis) орналасқан тығыз ақ қабықпен (tunica albuginea)
қапталған. Ақ қабықтың артқы бөлігі атабез паренхимасына еніп шағын өсінді, атабез
аралығын (mediastinum testis) түзеді. Аралықтан шығатын дәнекертінді жінішке қалқалар
(septula testis) атабез пaренхимасын сaны 300-ге дейін жететін үлесшелерге (lobuli testis)
бөледі, әр үлесше бірнеше иреленген өзекшелерден (tubuli seminiferi contorti) тұрады. Олар
әрі қарай бір-бірімен қосылып тік өзекшелерге (ductuli seminiferi recti) айналады.Тік
209
өзекшелер атабез торына (rete testis) ашылады. Ол жақтан, атабез қосалқысы түтігіне
құятын 15 шамасында атабездің шығарушы өзекшелері (ductuli efferentes testis) шығады.
Шәует құрамына кіретін еркек жыныс жасушалары (сперматозоидтар) тек қана иреленген
өзекшелерде дамып қалыптасады ал қалған өзекшелер
шәует шығарушылар болып
табылады.
АТАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ (epididymis) атабездің артқы жиегі бойында орналасқан .
Қосалқының басын (caput epididymidis) денесін (corpus epididymidis) және құйрығын
(cauda epididymidis) айырады. Балаларда қосалқы басының жанында айқын көрінетін
атабез өсіндісінің қосалқысы (paradidymis) жатыр. Атабез ақ қабығы қосалқы ақ қабығына
өтеді. Атабездің шығарушы өзекшелерінен 15-20 шамасында қосалқының конустары-
үлесшелері (lobule-cones epididymis) қалыптасады. Қанмен қамтамасыздануы, атабез және
шәует шығаратын атериялармен жүзеге асырылса,
веналық ағым, жүзім шағы тәрізді
веналық өрімге (plexus venosus parpiniformis) құяды
.
Лимфа ағымы, белдік лимфа
түйіндеріне барады. Атабездік өрімнен нервтенеді.
Достарыңызбен бөлісу: