Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет131/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
Көкбауырдың нервтенуі 
Көкбауырдың түйіннен кейінгі және сезімтал талшықтардан құралған өте күшті 
жетілген ағза ішілік және ағза сыртылық нервтік аппараты бар. Ол симпатикалық және 
парасимпаткалық нервтерді көп мөлшерде құрсақ өрімінің сол бөлігінен шығатын 
түйіннен кейінгі нерв талшықтарынан алады, ал сезімтал нервтерді 6-дан 10-ға дейінгі 
жұлын түйіндерімен кезбе нервтің сезімтал түйіндерінің афференттік нерв 
талшықтарынан қабылдайды. Көкбауыр өрімі көкбауыр артериясын қоршай қалыптасып 
айналысындағы басқа өрімдермен тікелей байланысқан. Олар: құрсақ, сол бүйрекүсті 
өрімдері, сол асқазан артериясы өрімі, асқазан өрімі, бауыр өрімі, ұйқы безі өрімі, сол 
көкеттік өрім, жоғарғы шажырқай өрімі, сол бүйрек қолқа түйіні және оң кезбе нерв. 
Көкбауыр өрімінің симпатикалық түйінге дейінгі талшықтары үлкен және кіші іштік 
нервтермен (n.n. splanchnici major et minor) белдік симпатикалық түйіндердің висцералдық 
тармақтарының құрамында құрсақ өріміне жетеді, ал көкбауыр өрімінің түйінге дейінгі 
парасимпатикалық талшықтары кезбе нервтің артқы сабауының құрамында орналасқан. 
Көкбауыр өрімі түйіннен кейінгі симпатикалық және парасимпатикалық талшықтарды 
аттас өрімнің құрсақтық түйіндерінен алады, көбін сол бөлігінен. Құрсақтық түйіндердің 
түйіннен кейінгі талшықтары құрсақ сабауының айналасында өрім түзеп, оның бір 
жалғасы көкбауыр артериясын қоршап көкбауыр өрімін түзеді, ол оның қақпасына дейін 
жетеді. Кезбе нервтермен құрсақ өрімі түйіндерінің ара-қатынасын талдау көрсеткендей
оң кезбе нервтің құрсақ түйіндері және көкбауыр өрімі үлкен байланыста екені байқалады. 
Көкбауырды нервтенудегі, оның орналасуы жағына сол кезбе нервке жақындығына 
қарамай, оң кезбе нервтің артықшылықта болуын менің ойымша пренатальды онтогенезде 
көкбауырдың эмбрионның алғашқы ішегінің дорсальды шажырқайынан дамуымен 
түсіндіруге болады.


244 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет