Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет139/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   208
сезімтал нейрондары
 
жұлын 
түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) 
басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді. 
Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның 
денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан 
екінші,
 
аралық нейронға
 
беріледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде 


253 
орналасқан, үшінші 
қозғалтқыш нейронға
 
келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны 
көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.
Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және 
қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен 
жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады. 
Нерв жүйесі топографиясына байланысты 
орталық
 
және 
шеткі нерв жүйесі
болып 
екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв 
жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.
Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде 
сомалық (анималдық)
 
және 
автономдық (вегетативтік)
 
болып екіге бөлінеді.
Сомалық нерв жүйесі 
организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. 
Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын нервтендіреді, яғни, 
қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен 
сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын 
қамтамасыз етеді. 
 Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесі 
ішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, 
бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі 
біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв 
жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының 
сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – 
бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық 
нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп
үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және 
симпатикалық бөліктерге бөлінеді.
Нерв жүйесі 
Орталық н.ж. шеткі н.ж. 
ми жұлын сомалық
автономдық
(анималдық) (вегетативтік)
парасимпатикалық симпатикалық
ішкі ағзалар 


254 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет