44
2-айдың соңына таман шеміршектік табақшалар мен шеміршектік қалталар бір-
бірімен
жақындасып, бассүйектің шеміршектік негізін құрады. Осы кезеңде
бассүйектің шеміршектік негізінде ми нервтері өтетін тесіктер мен өзектер
қалыптасады.
Шеміршектік қапшықтардың табақшалармен бірігуінің нәтижесінде
шеміршектік аймақтар пайда болады. Олар:
көзұялық, лабиринттік
және
шүйделік.
Торлы аймақ,
прехордальдық табақшалардың алдыңғы шеттерінің
мұрын қапшықтарымен бірігуінен түзілген. Келесі кезеңдерде басқа бет
сүйектерінен энхондральдық дамуымен ерекшелінетін торлы сүйекпен
төменгі мұрын кеуілжірі қалыптасады.
Көзшаралық аймақ
көру қапшығының прехордальдық табақшалармен
бірігуінен түзіледі. Одан сынатәрізді сүйектің басым бөлігі дамиды.
(5-кестені қараңыз).
Лабиринтті аймақ,
прехордальдық табақшалардың есту қапшығымен
бірігуінен түзіледі.Ол самай сүйектің тасты бөлігімен емізіктәрізді өсінді
дамитын шеміршектік негіз болып табылады.
Шүйде аймағы,
прехордальдық табақшалардың бірігуінен түзіледі.
Одан дамитындар: шүйде сүйектің базилярлы, латералды бөліктері мен
қабыршақтың төменгі бөлігі дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: