96
төменгі жақсүйектің мойнына бекиді. Байлам төменгі жақсүйектің артқа жылжуын
тежейді.
Сонымен қатар буынды
сынатәрізді-төменгі жақсүйек байламы, lig.
sphenomandibulare,
және
біз-төменгі жақсүйек байламы, lig. stуlomandibulare,
бекітеді.
Бірінші байлам сынатәрізді сүйектің қылқанынан басталып төменгі жақсүйектің
тілшігіне бекиді, екіншісі самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып төменгі
жақсүйектің артқы жиегінің ішкі бетіне бекиді. Шықшыт буынындағы қимылдар: 1)
төменгі жақсүйекті түсіру (ауызды ашу) және көтеру (ауызды жабу) фронталды білік
бойынша іске асады; 2) төменгі жақсүйекті алға
жылжыту және артқа қайтару
(фронталды білік айналасында); 3) бүйірлік қозғалыстар.
Төменгі жақсүйекті төмен түсіру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде төменгі
жақсүйек аздап қана түсіріледі: бұл қимыл буынның төменгі қабатында іске асады, яғни
буындық бас аздап төмен жылжиды, диск орнында қалады. Екінші кезеңде төменгі
жақсүйек айтарлықтай түсіріледі, бұл қимыл біруақытта
жоғарғы және төменгі
қабаттарда жүреді, яғни буындық диск төменгі жақсүйектің басымен бірге алға
жылжып, буындық төмпешікке тіреледі. Үшінші кезеңде төменгі жақсүйек толығымен
түседі, бұл қимыл төменгі қабатта іске асады, диск буындық төмпешікке тіреліп
тұрады. Ауызды қатты ашқанда төменгі жақсүйектің шығып кетуі мүмкін, бұл
жағдайда төменгі жақсүйектің басы буындық төмпешіктен алдыға сырғанап кетеді.
Төменгі жақсүйек алдыға жылжыған кезде
қимыл төменгі және жоғарғы
қабаттарда біруақытта іске асады: айдаршықты өсінділер буындық дискпен бірге
жылжып буындық төмпешіктерге шығады.
Оң және сол жақтардағы буындарда төменгі жақсүйектердің бүйірлік
қозғалыстары әртүрлі болады. Мысалы, төменгі жақсүйек оң жаққа жылжығанда оң
жақтағы буында буындық бас вертикалды білік бойынша айналады (төменгі қабатта),
сол жақтағы буында – буындық бас дискпен бірге төмпешікке шығады (қимыл жоғарғы
қабатта өтеді).
Достарыңызбен бөлісу: