Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Аяқтың еркін бөлігінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет57/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Аяқтың еркін бөлігінің қосылыстары 
Ұршық буыны
 
Ұршық буыны
, articulatio coxae
жамбас сүйектің ұршықтық ойысы мен ортан 
жілік басынан түзілген. Ұршық ойысының жиегінде – 
ұршықтық ернеу, labrum 
acetabulare,
орналасқан, оның ұршық ойысы тілігінің үстінен өтетін бөлігі – 
ұршық 
ойысының көлденең байламы, lig. transversum acetabuli,
деп аталады. Олар буынның 
конгруэнттілігін арттырады. 
Буын қапшығы ұршық ойысының жиегіне, ортан жіліктің алдыңғы жағында 
linea 
intertrochanterica
-ға, артқы жағында 
crista intertrochanterica
-ның ішкі жағына бекиді. 
Ортан жілік мойынының көп бөлігі буын қуысының ішінде орналасады. Ұршық 
буынын: ұршық ойысының көлденең байламы, ортан жілік басының байламы, мықын-
ортан жілік, шонданай-ортан жілік, қасаға-ортан жілік байламдары және дөңгелек 
аймақ бекітіп тұрады. Ұршық буынының ерекшелігі – 
ортан жілік басы байламының

lig. capitis femoris
, болуы, ол incisura acetabuli және lig. transversum acetabuli-ден 
басталып, fovea capitis femoris-ке бекиді. Байлам синовиалық қабықпен жабылған 
Байламның ішінде ортан жіліктің басын қоректендіретін қан тамырлары өтеді. 
Мықын-ортан жілік (Бертини) байламы, lig. iliofemorale (Bertini),
қалыңдығы 1 
см-дей болатын осы буынның ең берік, мықты байламы (300 кг-ға дейінгі жүктемені 
ұстайды). Оның дамуы тік жүру қызметімен тығыз байланысты – дененің артқа қарай 


109 
құлауына кедергі болады. Байлам мықындық алдыңғы төменгі қылқаннан басталып
ұрышқаралық сызыққа бекиді. 
Қасаға-ортан жілік байламы, lig. pubofemorale,
қасаға сүйектің жоғарғы 
тармағынан басталып, ұршықаралық сызықтың төменгі бөлігіне бекиді. 
Шонданай-ортан жілік байламы, lig. ischiofemorale, 
буынның артқы жағында 
орналасқан, шонданай сүйектің денесінің алдыңғы бетінен басталып ортан жіліктің 
ұршықтық шұңқырына бекиді. Аталған үш байлам буын қапшығымен тұтасқан. 
Дөңгелек аймақ, zona orbicularis, 
– буын қапшығының фиброзды жарғағының 
ішінде орналасады, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықындық алдыңғы төменгі 
қылқанның астына бекиді. 
Ұршық буынының пішіні тостағантәрізді, көпбілікті буын. Фронталды білік 
айналасында бүгу (105-120°) және жазу (15°-қа дейін), бүгу кезінде сан алдыға, жазу 
кезінде артқа қозғалады. Сагитталды білік бойынша әкелу (35°-қа дейін) және әкету 
(75°-қа дейін) қимылдары, вертикалды білік айналасында ішке айналу (пронация) және 
сыртқа айналу (супинация) қозғалыстары (жалпы айналу көлемі 40-45° шамасында) 
және шеңбер бойынша қозғалу (циркумдукция) іске асады. 
Тіректік қызметіне байланысты ұршық буынындағы қозғалыс көлемі иық 
буынына қарағанда шектеулі, себебі: ұршық ойысы терең, яғни қосылысатын буындық 
беттер көлемінің айырмашылығы аз, байламдары жақсы дамыған және буынды күшті 
бұлшықеттер қоршап жатады. Осыған байланысты ұршық буынының шығып кетуі 
сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет