Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет172/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Кезбе нерв (Х жұп) 
Кезбе нерв, n.vagus, бассүйек нервтерінің Х- жұп нерві, талшықтарының құрамы 
бойынша аралас. Ол сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. 
Оның сезімтал талшықтары, жоғарғы және төменгі сезімтал түйіндерде, ganglion inferius et 
superius, орналасқан псевдоуниполярлы жасушалардың шеткі өсінділері болса, ал осы 
жасушалардың орталық өсінділері сансыз көп түбіршіктердің құрамында сопақша миға 
кіріп, VІІ, ІХ және Х – жұп бассүйек нервтерінің жалпы жеке жол ядросында, 
nucl.solitarius, бітеді. 
Қозғалтқыш талшықтары, ІХ, Х-жұп нервтеріне жалпы, қос ядроның, nucl.ambiguus, 
жасушалырының 
аксондарынан 
түзілген. 
Парасимпатикалық 
преганглионарлық 
талшықтар дорсальді (артқы) ядродан, nucl.dorsalis n.vagi, басталады. Бұл талшықтар 
сезімтал және қозғалтқыштарға қарағанда басымдау болғандықтан кезбе нервтің негізгі 
бөлігін құрайды. Кезбе нерв 5-6 түбіршікпен сопақша мидің артқы латеральді жүлгесі 
арқылы шығады. Түбіршіктер бір-бірімен қосылып, мойындырық тесігі маңында біртұтас 
сабау түзіп, осы тесік арқылы бассүйек қуысын тастап кетеді. Мойындырық тесігінде 
жоғарғы түйін, ganglion superius, ал тесік астында төменгі түйін, ganglion inferius, 
(сезімтал), орналасқан. Мойындырық тесігінен шыққан соң кезбе нерв әуелі ішкі 
мойындырық венамен ішкі ұйқы артериясының артында, кейін олардың арасында 
орналасады. Мойын аймағында тамырлы-нервтік буда құрамында ішкі мойындырық вена 
және жалпы ұйқы артериясымен бірге кеуденің жоғарғы тесігі, aperture thoracis superior, 
арқылы оң кезбе нерв оң бұғана асты артериясымен, ал сол кезбе нерв қолқа доғасымен 
қиылысып кеуде қуысына кіреді. Кеуде куысында кезбе нервтің екеуіде (оң және сол) 
өкпе түбірлерінің артында орналасады, әрі қарай өңешпен қатар жүріп оң кезбе нерв 
тармақтары өңештің артқы қабырғасында, артқы өрім түзесе, сол кезбе нерв тармақтары 
өңештің алдыңғы қабырғасында алдыңғы өрім түзеді. Алдыңғы және артқы өрімдер 
өңештің ортаңғы бөлігінде бір-бірімен қосылып біртұтас өңеш өрімен құрайды. Соңғы 
өрімнен алдыңғы және артқы сабаулар шығып өңешпен бірге іш қуысына өтеді, сонда 
шеткі тармақтарға бөлінеді. Нервтің топографиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 
бөлігін ажыратады: бас, мойындық, кеуделік, іштік. 
Кезбе нервтің бас бөлігі сопақша миден жоғарғы түйінге дейін созылады. Осы бөліктен 
екі тармақ шығады: 
1)
Менингиальді тармақ, ramus meningeus, сезімтал, жоғарғы түйіннің бүйірінен шығады, 
бассүйектің алдыңғы шұңқырындағы мидің қатты қабығын нервтендіреді; 
2)
Құлақтық тармақ, ramus auricularis, сезімтал, кезбе нервтен жоғарғы түйіннің астынан 
басталады, тілжұтқыншақ нервтен дәнекер тармақ қабылдайды. Емізікті өзекше 


303 
арқылы дабыл қуысына өтеді, ал онан дабыл-емізік саңылауы арқылы шығады. Құлақ 
қалқанының және сыртқы есту өтісінің артқы қабырғасының терісін нервтендіреді. 
Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары: 
1)
Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас, құрамы сезімтал, қозғалтқыш, 
парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. Тіл-жұтқыншақ нервтің 
жұтқыншақтық тармақтарымен симпатикалық қөмей-жұтқыншақтық тармақтар бірігіп 
жұтқыншақ өрімін (plexus pharyngeus) түзеді. Осы өрімнің қозғалтқыш тармақтары 
жұтқыншақтың қысқыштарын (констриктор) және таңдайдың таңдай пердесін керетін 
бұлшықетінен, m.tensor veli palatini, басқасын нервтендіреді, бұл бұлшықетті төменгі 
жақсүйек нервінің (V – жұптың тармағы) қозғалтқыш тармағы нервтендіреді; 
2)
Жоғарғы көмей нерві, n.laryngeus, аралас, кезбе нервтен төменгі түйінінің тұсынан 
шығады, төмен түсіп тіласты сүйегінің деңгейінде сыртқы (қозғалтқыш) және ішкі 
(сезімтал) тармақтарға бөлінеді. Сыртқы тармақ көмейдің жүзік-қалқанша бұлшықетін 
нервтендіреді. Ішкі тармақ қалқанша-тіласты жарғағын тесіп өтіп көмейдің дауыс 
саңылауынан жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын, тіл түбірінің және көмей 
қақпашығының шырышты қабығын нервтендіреді. 
3)
Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rami cardiacі cervicales superiores, саны 3-7-
ге дейін, сезімтал және парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. 
Олар жүректің мойындық симпатикалық тармақтарымен қосылып жалпы ұйқы 
артериясының бойымен жүрекке бет алып жүрек өрімін түзуге қатысады. Кезбе 
нервтің кеуделік бөлігі өзі өтетін артқы көкірекаралықтың ұзындығына сәйкес келеді. 
Кеуделік бөліктің тармақтары:
Қайырылма көмей нерві,n.laryngeus reccurens, талшықтарының құрамы бойынша 
аралас (қозғалтқыш, сезімтал және парасимпатикалық), оң және сол қайырылма көмей 
нервтерінің топографиялық айырмашылықтары бар. 
Оң айырылма көмей нерві, кезбе нервтен оң бұғана асты артериясының тұсында 
басталып, оны төменінен орап өтіп, кеңірдектің бүйір жағымен мойынға көтеріледі. 
Сол қайырылма көмей нерві, кезбе нервтен қолқа доғасының үстінде басталады, 
оның алдыңғы бетімен төмендейді, астынан айналып өтіп өңешпен кеңірдек 
арасындағы жүлгемен жоғары көтеріледі. Қайырылма көмей нервінен біренеше 
тармақтар шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет