Қанменқамтамасыздануы . Оң және сол, жоғарғы және төменгі аттас
артериялармен.
Веналық ағым. Аттас веналар арқылы (жоғарғы қуыс вена жүйесі)
Лимфа ағымы . Мойынның терең латеральді және паратрахеальді лимфа түйіндеріне
(кейде лимфа түйінінен өтіп кетіп венаға құяды)
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х – жұп) тармақтары мен симпатикалық мойын түйіндері.
Қалқанша маңы бездер .
Жоғарғы және төменгі қалқанша маңы бездер (gl. parathyroideae superior et inferior),
хордалылар эволюциясында тек қана құрлықтағы ең төменгі сатылы омыртқалыларда
пайда болады. Адамдарда олар төрт кішкене денешіктер түрінде (6х4х2 мм), қалқанша
бездің әр бөлігінің ұшында орналасып жоғарғы және төменгі қалқанша маңы бездер деп
аталады.
Қалқанша без және қалқанша маңы бездері сыртынан ортақ фиброзды қапшықпен
қапталған.
Қалқанша маңы бездердің негізгі қызметі ағзада кальцийдің алмасуын реттеу.
Қалқанша маңы бездер өзінің ерте эмбриогенез сатысында үшінші және төртінші, оң
және сол желбезек қалталарынан дамиды.
Қанмен қамтамасыздануы және нервтенуі. Қалқанша безбен бірдей.
Айрыша без. Айырша без (thymus) үш жұп желбезек қалташаларынан дамып, (басымырақ екіншісі
арқылы), омыртқалылар эволюциясында біршама ертерек пайда болады. Бұл без алдыңғы
көкірекаралықтың жоғарғы аймағында, тікелей төс сүйектің артында орналасқан.
Тимустың төменгі ұштары кеуде торының жоғарғы тесігінен шығып тұруы мүмкін, ал
жоғарғы ұштары жиі жүрекқапқа дейін жетіп өкпеқапаралықтың жоғарғы үшбұрышына
жайғасатын екі (оң және сол) бөліктен (lobus dexter et sinister) тұрады. Бездің көлемі
адамда өмір бойы бірдей емес: оның салмағы орташа есеппен: жаңа туған балада – 12гр,
14-15 жаста – 10гр шамасында, 25- жаста – 25 гр, ал 60 жаста – 15 гр-ға жақын болады.
Басқаша айтқанда, айырша без ең үлкен дамуына жыныстық толу кезеңі басталғанда
жетіп, сонан соң біртіндеп кері дами бастайды.
Қызметі. Айырша без иммундық үрдісте өте зор роль атқарады. Сонымен қатар
оның гормондары жыныстық толу кезеңі басталғанға дейін жыныс бездерінің қызметін
тежейді, остеосинтезді реттейді және т.б. Оның толысқан шақта толығымен сақталуы
ағзада лимфа тәрізді элементтердің көбеюіне әкеледі, ол өз ретінде жыныс бездердің
337
кішіреюіне (гипоплазия) себепші болады, клиникада бұл үрдіс status thymicolymphaticus
деп аталады.