Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет100/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193
5.5. 
МИКШЕР МОДУЛІ 
 
Дыбыс картасының микшерінің модулі мыналарды орындайды: 

дыбыстық сигнал қабылдағыштары мен көздерінің коммутациясы 
(қосу/ажырату), сонымен қатар олардың деңгейін реттеу;

бірнеше дыбыстық сигналдарды микширлеу (араластыру) жəне 
нəтижелеуші сигнал деңгейін реттеу.
Микшер модулінің негізгі сипаттамалар санына келесілер жатады: 

жаңғырту арнасындағы микширленетін сигналдар саны;

əр микширленетін арнада сигнал деңгейін реттеу;

жалпы сигналдың деңгейін реттеу;

күшейткіштің шығу қуаты;

дыбыстық сигналдардың сыртқы жəне ішкі қабылдағыш/көздерін 
жалғауға арналған жалғағыштардың болуы.
Дыбыстық сигнал көздері мен қабылдағыштары микшер модулімен 
сыртқы немесе ішкі жалғағыштар арқылы қосылады. Дыбыстық жүйенің 
сыртқы жалғағыштары: 
Joystick/MIDI 
— джойстикті немесе MIDI- 
адаптерді қосу үшін; 
Mic In 
— микрофонды қосу үшін; 
Line In 
— 
дыбыстық сигналдардың кез келген көзін қосуға арналған сызықтық
кіру; 
Line Out 
— дыбыстық сигналдардың кез келген қабылдағыштарын 
қосуға арналған сызықтық шығу; 
188 


Speaker 
— бас телефондарды (құлаққап) немесе пассивті 
акустикалық жүйені қосуға арналған. 
Микшермен бағдарламалық басқару не 
Windows 
құралдарымен, 
не дыбыстық картаның бағдарламалық қамтамасыз етуімен 
жиынтықта жеткізілетін микшер-бағдарламасының көмегімен 
жүзеге асырылады. 
Sound Blaster 
стандарты DOS арналған ойындар түріндегі 
қосымшаларды сүйемелдейді, оларда дыбыспен сүйемелдеу 
Sound 
Blaster 
тобының 
дыбыстық 
карталарына 
бейімделумен 
бағдарламаланған. 
Microsoft фирмасының 
Windows Sound System стандартына 
(WSS) негізінен бизнес-қосымшаға бейімделген бағдарламалар 
пакеті мен дыбыстық карта кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет