Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет97/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   193
5.3. 
СИНТЕЗДЕУІШ МОДУЛІ 
 
Дыбыстық жүйенің электрмузыкалық цифрлық синтездеуіші іс 
жүзінде кез келген дыбысты, оның ішінде шынайы музыка 
аспабының 
дыбысталуының 
түрленуіне 
мүмкіндік 
береді. 
Синтездеушінің əрекет ету қағидасын 5.5-сурет көрсетілген. 
Синтездеу музыкалық үн (нота) құрылымының жаңғырту 
процесін береді. Кез келген музыкалық аспаптың дыбыстық 
сигналының бірнеше уақытша фазасы болады. Рояльдің 
клавиштерін басқан кезде пайда болатын дыбыстық сигнал 
фазалары суретте көрсетілген (5.5, а-суретті қараңыз). Әр 
музыкалық аспап үшін сигнал түрі өзіне тəн болады, бірақ онда үш 
фазаны бөліп көрсетуге болады: шабуыл, қолдау жəне басылу. Бұл 
фазалардың жиынтығы 
амплитудалық орайжанауышы 
деп 
аталады, оның пішіні музыкалық аспаптың түріне байланысты 
5.5
-сурет. Қазіргі заманғы синтездеуіштің əрекет ету принципі: 
а 
— дыбыстық сигнал фазалары; 
б 
— синтездеуіш схемасы 
185 


Түрлі музыкалық аспаптар үшін шабуыл ұзақтығы бірліктен 
бірнеше ондыққа дейін немесе тіпті жүз миллисекундқа дейін 
өзгереді. Қолдау деп аталатын фазада сигнал амплитудасы 
өзгермейді, ал музыкалық үн биіктігі қолдау кезінде қалыптасады. 
Соңғы фазада басылуға сигнал амплитудасының жеткілікті тез азаю 
учаскесі сəйкес келеді. 
Қазіргі заманғы синтездеуіштерде дыбыс келесі түрде түзіледі. 
Синтез əдістерінің бірін пайдаланатын цифрлық құрылғы дыбыстың 
берілген биіктігі бар қоздыру деп аталатын сигналды түрлендіреді – 
спектрлік сипаттамасы бар нота, 5.5.б-суретте көрсетілгендей 
қолдау 
фазасындағы 
ұқсатылатын 
музыкалық 
аспаптың 
сипаттамаларына барынша ұқсас болады. Ары қарай қоздыру 
сигналы шынайы музыкалық аспаптың амплитуда-жиіліктік 
сипаттамасын көрсететін сүзгішке жіберіледі. Сүзгіштің басқа 
кіруіне сол аспаптың амплитудалық орайжанауышының сигналы 
жіберіледі. Ары қарай сигналдар жиынтығы арнайы дыбыстық 
əсерлерді 
алу 
мақсатымен 
өңделеді, 
мысалы 
жаңғырық 
(жаңғырықтыру), хормен орындау (хорус). Содан соң цифрлы- 
аналогты түрлендіру жүргізіледі жəне төмен жиілікті сүзгі (ТЖС) 
көмегімен сигнал сүзгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет