Ұнтақ материалдарды пайдаланумен үшөлшемді бүріккіш баспа
технологиясы Массачусетс технологиялық институтында əзірленген.
Принтердегі арнайы бүріккіш тиегі Hewlett-Packard бүріккіш
принтерлерге ұқсас ұнтақ материалға желімделген затты
шашыратады. Ұнтақ ретінде əдеттегі гипс немесе
крахмал
пайдаланады. «Шашыратылған» жерлерде ұнтақ жабысады жəне
модельді құрайды. Алдыңғы оқиғалардағыдай баспа қабатпен
түседі, ал артық ұнтақ жұмыс соңында жойылады. Осындай принтер
бояғыш реңктерін қосумен желімді сұйықтық ретінде пайдаланады,
яғни түсті модельдерді басады. Мысалы, Z-Corporationтүсті
принтерінде негізгі түстері бар сия-желіммен төрт бүріккіш тиектер
орнатылған, оның көмегімен жасалған модель тек нысанын ғана
емес, виртуалды прототиптің бояуын да шығара алады. Бұл ретте, Z-
Corporation үшөлшемді принтерлер қымбат емес жəне алдында
бейнеленген құрылғыларға қарағанда жылдамырақ жұмыс жасайды.
Ұнтақты бүріккіш баспа варианты үшөлшемді принтердегі гипс
ұнтағының орнына металды ұнтақ қолдануды қарастырады.
Ұнтақтан жасалған модель пеште күйдіріледі, сондықтан ұнтақ өзі
ериді, немесе лазермен металды ұнтақты біріктіру кезіндегідей,
жеңіл ерітінді металлмен байланысады.
Жаңа технологияларды жəне үшөлшемді баспа құрылғыларын құру
аясында маңызды үдету байқалады. Нарық жаңа 3D-принтерлермен
толықтырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: