Palmtop — қалталы дербес компьютер, ҚДК.
Parallel port — DOS LPT1 (синоним PRN) жəне LPT2 шартты атаулары
бар параллельді байланыс порты.
Plug &Play — «қос та жұмыс істей бер» — компьютерлі тақталардың
стандарты, бұл ретте тақта баптауы компьютермен автоматты жүргізіледі.
PS/2 —IBM фирмасымен əзірленген операциялық жүйе. MS-DOS
қарағанда күрделі жəне жетілген. Windows ұқсас, пайдаланушының
графикалық интерфейсімен жабдықталған.
PCI (Personal Component Interconnect) — Intel фирмасымен ұсынылған
келешекті жергілікті шина.
PCMCIA (Personal Computer Memory Card International Association) —IBM,
AT&T, Intel, NCR жəне Toshiba ірі фирмаларымен жасалған, халықаралық
ассоциациялармен ұсынылған, «блокнот» типті шағын компьютерлерге
кеңейту карталарын қосу стандарты.
RAM (Random Access Memory) — оперативті сақтау құрылғысы, ОСҚ,
компьютердің оперативті жадысы. Жинақтау жəне ақпаратты уақытша сақтау
қабілеті бар микросхемалардың жиынтығы.
Resolution (ажыратымдылық) — сурет сапасының параметрі. Көлденеңнен
жəне тігінен нүктемен өлшенеді; немесе дюймға нүктемен (dpi). Мысалы —
800 х 600 нүкте.
ROM (Read Only Memory) — тек оқылатын жады, ТСҚ, тұрақты сақтау
құрылғысы. Бір немесе бірнеше микросхема, белгілі ақпаратты тұрақты
сақтау.
SCSI (Small Computer System Interface) — кіші есептеуіш жүйелер
интерфейсі. Шеткері құрылғыларға қосылуға арналған контроллер.
SDRAM (Synchronous DRAM) — заманауи компьютерлерде пайдаланатын
оперативті жадының стандартты тип микросхемасы.
Server — жергілікті желіде басты басқарушы компьютер.
345
Slot — слот, бейнекарталарды, дыбыс тақталарын, модемді жəне т.б.
қосымша тақталарды қосуға арналған аналық тақшаның саңылау жалғағышы