3.5
-сурет. Қатқыл дисктің жолдар мен секторларға бөлінуі
Жинақтауышта бір-бірінің үстінде орналасатын бірнеше дисктер болады;
олардың бөлінуі бірдей. Сондықтан қатқыл дисктер пакетін цилиндрлер
түрінде қарастыру
қабылданған, ол цилиндрлердің əр қайсысы əрбір диск
бетінде ұқсас жолдардан тұрады. Секторлар жолдың басталуына қатысты
өзінің реттік номерлерімен сəйкестендіріледі. Жолдағы секторлардың
номерленуі бірден, ал қалпақшалар мен цилиндрлердікі — нольден
басталады.
Секторлар саны жинақтауыш типіне байланысты 17 ... 150 болуы
мүмкін. Әрбір секторда деректер мен қызметтік ақпарат болады.
Әрбір
сектордың басында тақырыпша жазылады
(Prefix Portion)
, ол бойынша
сектор басы мен оның номері анықталады, ал сектор соңында
(Suffix
Portion
— сектордың қорытындысы) деректердің
тұтастығын тексеруге
арналған бақылау сомасы болады. Сектордың атауы мен қорытындысы
арасында көлемі 512 байт деректер аймағы орналасады (DOS үшін).
Сонымен жолдарға ақпарат жазу 512 байттар бойынша блоктармен жүзеге
асырылады.
Винчестердің дисктер, қалпақшалар жəне жолдар санын өзгерту
мүмкін емес, өйткені олар дисктің белгіленген қасиеттері мен сапасына
тиісті дайындаушымен анықталады. Дисктегі секторлар саны жазба əдісіне
тəуелді, ал тығыздығы – тасымалдағышқа тəуелді: диск материалының
сапасы
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оған жазылатын деректер
тығызырақ болады. Винчестерлерде бір жолда 150 дейін
секторлар
болады.
HDD жадысының жалпы көлемі мына формула бойынша есептеледі
V = CHS
∙
512 (байт),
мұнда
С
— цилиндрлер саны;
Н
— қалпақшалар саны;
S
— секторлар
саны.
83
Винчестерді форматтау дискетаны форматтауға ұқсайды.
Сонымен қатар форматтау процесінде винчестердегі барлық
деректер жоғалатынын ескеру қажет, сондықтан винчестерді қайта
форматтау кезінде керек деректерді басқа тасымалдағышта сақтап
қойған жөн.
Қатқыл магнит дисктердің сипаттамаларын бұдан əрі
жетілдіру
ін өндірушілер жаңа технологияны пайдаланудан, сонымен қатар
нано технологияны пайдаланудан көреді.
Достарыңызбен бөлісу: