Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


МАГНИТ ТАСПАДАҒЫ ЖИНАҚТАУЫШТАР



Pdf көрінісі
бет55/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   193
МАГНИТ ТАСПАДАҒЫ ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
 
Магнит 
таспадағы 
жинақтауыштар 
резервтік 
көшіру 
жүйелерінде қолданылады. Қазіргі уақытта компанияның өмір сүруі 
толығымен оның есептеуіш желісіне байланысты болғандықтан 
резервтік көшіру жүйелерінің мықтылығы ерекше өзектілікке ие 
болды. 
Магнит таспаға (стримерлер) жазатын құрылғылар ретінде 
тұрмыстық 
катушкалық 
магнитофондарға 
ұқсас 
алдымен 
катушкалық жинақтауыштар пайдаланылды. 
Ақпаратты магнит таспаға стримерлермен енгізудің екі негізгі 
əдісі болады: 

сызықтық магниттік жазба;

көлбеу-қатарлық магнит жазба.
Сызықтық магниттік жазба 
деректерді бірнеше параллель жолдар 
түріндегі қос бағытқа да қозғала алатын мүмкіндігі бар таспаға жазу 
жолымен жүзеге асырылады. Оқитын магнит қалпақша жазу 
кезіндегі қалпақша сияқты оқу кезінде де қозғалыссыз. Таспа 
соңына жеткен кезде оқушы/ жазушы қалпақша келесі жолға 
жылжиды, ал таспа керісінше бағытта қозғала бастайды. Заманауи 
құрылғыларда пайдаланылатындай бірнеше жолдармен бір уақытта 
жұмыс істей алатын бірнеше қалпақшаларды қолдану мүмкін 
болады. 
107 


Көлбеу-қатарлық магнит жазба (Helical Scan) 
айналатын 
барабанда орналасатын жазу-жаңғырту қалпақшалар блогынан 
тысқары оқу жəне жазу кезінде таспаны арнайы механизммен 
созғанда қамтамасыз етіледі. Жазба сол кезде бір бағытта 
жүргізіледі. Қолданылатын жаза форматына байланысты таспа 
қалпақшалар блогы айналасынан бірнеше бұрышпен өтеді, сонымен 
бірге блоктың цилиндр осі таспаға бірнеше бұрышпен 
көлбеуленген. Таспа оқу-жазу кезінде бір бағытта қозғалады. 
Жазбаның берілген тəсілі таспа бетінде көлбеу беттердің болуын 
болжайды. 
Аналогтік 
технология 
видеомагнитофондарда 
қолданылады. 
1972 ж. 3М фирмасы өлшемдері 15 х10 х1,6 см, деректерді 
сақтауға арналған алғашқы кассетаны жасап шығарды. Кассета 
ішінде оқу-жазу процесінде таспаны созатын механизммен таспа 
оралатын екі катушка болатын. 
1983 ж. алғашқы стандартты QIC 
(Quarter-Inch- Catridge 
— 
магнит таспадағы жинақтауыш) шығарылды, оның сыйымдылығы 
60 Мбайт құрады. Деректер жазбасы тоғыз жолда жүргізілетін, ал 
магнит таспаның ұзындығы шамамен 90 м. Содан кейін мини- 
кассета стандарты жасалып шығарылды (формат МС). Мини- 
кассетаның өлшемдері осы стандартқа сəйкес 8,25 х 6,35 х1,5 см 
болды. QIC таспаларының магнит қабатының негізін темір оксиді 
құрайды. 
МС форматтағы QIC-80 магнит таспадағы жинақтауышының 
сыйымдылығы 
80 
Мбайт, 
28 
жол 
болса, 
QIC-3095 
жинақтауышының 72 жолы болатын жəне сыйымдылығы 4 Гбайт 
дейін. 
Осы жинақтауыштардың артықшылықтары: деректерді таспада 
сақтаудың салыстырмалы бағамы иілгіш магнит дисктердегі 
жинақтауыштарды пайдаланған кездегіге қарағанда (1 Мбайт қайта 
есептеуде) біршама төмен жəне сонымен қатар таспалық 
жинақтауыштар қолданыста қарапайым жəне мықты. 
QIC жинақтауыштарының жетіспеушіліктеріне олардың төмен 
тез əрекеттілігі, деректер жазу алдында кассетаны баяу форматтау 
жатады. 
Магнит таспада жинақтауыштардың ары қарайға дамуы 
кассеталардың 
сыйымдылықтарын 
ұлғайту 
жəне 
деректер 
жазбасының тығыздығын арттыру жолында кетті. Қазіргі уақытта 
таралған QIC форматтағы резервтік көшіру құрылғыларымен қатар 
магнит таспада көшіру басқа да құрылғылары белгілі, атап айтсақ 
үлкен деректерді игеретін компьютерлік желілер. 
108 


Деректерді магнит таспаға жазудың мынадай стандарттары бар. 
Sony фирмасымен DAT (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет