Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет52/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   193
3.5.
 
ОПТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ 
ТАСЫМАЛДАҒЫШТАРДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
 
 
3.5.1.
 
Голографикалық дисктер
 
Голографикалық көп мақсатты 
(Holographic Versatile Disc) 
дискілер — Blu-Ray жəне HD DVD салыстырғанда дискте 
сақталатын деректердің көлемін арттыруы мүмкін болатын 
оптикалық дисктерді өндірудің перспективті технологиясы. 
Голографикалық 
тасымалдағыштарда 
ақпаратты 
сақтау 
технологиясын «көлемдік консервілеу» əдісі ретінде Питер ван 
Хеерден 1963 ж ұсынды. 
Голографикалық дискке ақпаратты жазу кезінде (сур. 3.12, а) 
лазер сəулесі екі сəулеге бөлінеді: біреуі деректерді жазады, екіншісі 
— тірек. Голограмма осы екі сəуле тасымалдағышта қиылысқан 
кезде қалыптасады. Деректерді сигналдық сəулеге түрлендіру 
процесі арнайы SLM 
(Spatial Light Modulator) 
модуляторымен 
жүргізіледі, ол сандық ағынның бірлік жəне нольдерін өзіндік 
«шахмат тақтасына» ақ жəне қара нүктелер жиынтығына 
түрлендіреді. Деректер миллион биттен тұратын екі өлшемді 
массивті, матрицаны құрайды. Модулятордың сигналдық сəулесімен 
өткен соң қалыптасқан тірек сəулесі мен интерференциялық 
құрылымның əсер ету нүктесінде тасымалдағышқа жазу жүргізіледі. 
Тірек шоғында «шахмат тақтасының» ақ нүктесімен өзара 
əрекеттесу жүрген кезде ол із қалдыратын хмиялық реакцияға 
ұласады. Сəйкесінше қара дақ болған жерде із қалмайды. Тірек 
сəулесінің көлбеу бұрышын, оның толқынының ұзындығын немесе 
тасымалдағыш күйін өзгерте отырып тасымалдағыштың сол 
ауданына біруақытта көптеген голограммаларды жазып алуға 
болады. 
Ақпаратты оқыған кезде (сур. 3.12, 
б
) тек тірек сəулесі 
қолданылады. Ол қара жəне ақ дақтардың жиынтығын құра отырып, 
артынша арнайы сезімтал элементке проекцияланатын голограммаға 
жарық түсіріп тұрады. Бұл элемент параллель миллиондаған 
биттерді шифрын шешеді, оның есебінен деректерді оқудың жоғары 
жылдамдығына қол жеткізуге болады. 
99 


3.12
-сурет
. Голографикалық дисктер:
а 
— голографикалық дискке жазу схемасы; 
б 
— голографикалық дисктен 
ақпаратты оқу схемасы 
100 


Голографикалық дисктің тасымалдағышының диаметрі 130 мм, 
стандартты компакт-дисктен немесе DVD-ден сəл үлкендеу. 
Жарық осы материалға түскен кезде фотондар түзетін, деректерді 
жазатын химиялық реакция жүреді. Осы процесс қайтарымсыз, 
сондықтан процесс кезінде де сақтау кезінде де жазбаның 
тұтастығына кепіл болатын қосымша қорғаныш құралдарын жасау 
қажет болды. 
Деректерді рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғау үшін 
физикалық, логикалық бірнеше əдістер қолданылады. 
Әрбір дисктің деректер картасын сақтауға арналған, FAT – 
қатқыл диск жүйесіне ұқсас кіріктірілген чипі болады. Осы 
кітапханада деректердің партиялары, форматы мен қалыптары 
туралы деректер сақталады. Дискті құрылғыға орнатқан кезде ең 
алдымен осы чиптен ақпаратты оқу жүргізіледі. Егер осы деректер 
жоғалған болса, ақпаратты оқу қиынға түседі, мүмкін болмайды. 
Осы деректер картасы криптеу əдісімен шифрленуі мүмкін, 
сондықтан оларға қол жеткізуге тек ақпарат иесі ғана құқылы. 
Тиімді қорғаныш құралы — лазер толқынының ұзындығын 
өзгерту. Лазер толқынының ұзындығын шамалы өзгерту лазер 
толқынынң басқа ұзындығына бағдарланған басқа жетектермен 
деректерді оқудан қорғауға мүмкіндік береді. Лазер толқыны 
ұзындығы 403 ...407 нм аралықта болуы мүмкін. 
Ең тиімді қорғаныш құралы — фазалық маска. Әдістің мəні 
мынада, жетек деректерді алып жүретін лазер сəулесі жолында 
белгілі бір масканы сала алуында. Осы маска жазба кезінде де, 
деректерді оқыған кезде де қажет болады. Фазалық масканы 
пайдаланып болған соң стандарт жетектерде деректерді оқу мүмкін 
болмайды, өйткені əрбір маска бірегей: ол кездейсоқ сандар 
генераторын пайдаланумен қалыптасады. Осы функция арнайы 
тапсырыс бойынша кейбір жетектерде орнатылады. Сонымен 
голографикалық дисктерде деректерді сақтау рұқсатсыз қол 
жеткізуден қорғауға кепіл береді. 
InPhase американдық компаниясы Tapestry HDS- 300R — 300- 
гигабайттық голографикалық дисктер негізіндегі винчестерді 
анонстады. Қалындығы 1,5 мм голографикалық дисктердің оқу 
жылдамдығы 20 Мбайт/с. Голографикалық дисктің сыйымдылығы 
2010 ж. 500 Гбайт болуы керек еді. InPhase Technologies 
компаниясы жазба тығыздығының жаңа деңгейіне – шаршы 
дюймге 515 Гбит қол жеткізілгендігі туралы мəлімдеді. 
Стандартты 120-мм дискке қатысты ол көлемі 500 Гбайт екенін 
білдіреді. 
101 


Сонымен голографикалық дискке 106 бірқабатты DVD-ге 
эквивалентті болатын ақпарат жазыла алатыны белгілі болды. 
Бірақ голографикалық тасымалдағыш сериялық өндіріске 
түсірілмеді. 
3.5.2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет