Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Ақпаратты бейнелеу (шығару) құрылғылары



Pdf көрінісі
бет10/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Ақпаратты бейнелеу (шығару) құрылғылары 
видео ақпаратты 
өңдеу жəне визуалдық қабылдауды ұсыну үшін қолданылады. Ол ең 
алдымен заманауи технологиялардың кең спектрі негізіндегі 
мониторлар, соның ішінде 3D-мониторлар. 
Көлемді бейнелерді қалыптастыру виртуалды шынайылықтың 
шлемдері, 3D-көзілдіріктің жəне əр түрлі қызмет жасау принципіндегі 
3D-мониторлар көмегімен жүзеге асырылады. Үлкен аудитория үшін 
экран бетінде ақпаратты көрсетуге байланысты тапсырмаларды шешу 
үшін əр түрлі проекторларды қолданады. Телевизиялық тюнер, 
бейнемагнитофон, бейнекамера сияқты құрылғылардың сигналдарын 
компьютерлік өңдеу үшін, яғни аналогтық формадан сандық формаға 
түрлендіру үшін мысалы видеобластер сияқты бейнесигналды өңдеудің 
арнайы құралдарын қолданады. 
Компьютердің дыбыстық 
жəне 
акустикалық жүйелері 
аудио 
ақпаратты өңдеуді жəне жаңғыртуды қамтамасыз етеді. 
Ақпаратты енгізу құралдары 
деректерді енгізу жəне басқару 
құрылғыларының жиынтығы. Бұл функцияларды пернетақта, тінтуір, 
джойстик орындайды. ДК-ге ақпаратты енгізу үшін сəулелі қалам, 
сканер, 
сандық 
камера, 
дигитайзер, 
электрондық 
планшет 
қолданылады. 
13 


1.1
-сурет. Ақпараттандырудың техникалық құралдарын жіктеу 


Баспа құрылғылары 
(принтерлер) ақпаратты, қатты, мəтіндік 
формадағы жəне көлемді түрде қағаз тасымалдағыштарға шығару үшін 
қызмет етеді. Әрекет ету принципі бойынша принтерлер біршама алуан 
түрлі: екпінді, бүріккіш, лазерлік, жарықдиодты, термиялық жəне басқа 
да көп өлшемді баспа технологияларын іске асыратын қатарлары. 
Сызбалар түрінде графиктік ақпаратты шығару үшін плоттерлер 
қолданылады. Плоттерлердің жазатын блоктарының қызмет істеуі 
принтерлердің қызметіне негізделген, ал конструкциясы бойынша олар 
планшеттік жəне орама деп жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет