Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Телекоммуникация құралдары



Pdf көрінісі
бет11/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Телекоммуникация құралдары 
ақпаратты 
қашықтықтан 
тасымалдауға арналған. Оларға пейджерлер, радиотелефондар, 
дыбыстық жəне мəтіндік ақпаратты беруді қамтамасыз ететін 
спутниктік байланысқа арналған дербес терминалдар жатады. Бейне 
мен мəтінді қашықтықтан беру процесін жүзеге асыратын факсимильді 
аппараттар термографикалық, электрографикалық, бүріккіш, лазерлік, 
фотографиялық, электрохимиялық жəне электромеханикалық деп 
жіктеледі. Модемдер негізінен телефон желісі арқылы компьютерлер 
арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады жəне автономиялы əрекет 
ететін сыртқы, сонымен қатар ішкі кірістірілетін аппаратуралармен 
орындалады. 
Қатты тасымалдағыштардағы ақпаратпен жұмыс істеу кең 
таралған құралдары 
көшірме техникасының көптеген құралдары 
болып 
табылады: 
электрографикалық, 
термографикалық, 
диазографикалық, фотографиялық, электрондық-графикалық. Қатқыл 
тасымалдағыштарда құпия ақпаратты жою үшін арнайы құрылғылар — 
шредерлер қолданылады. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
Ақпараттандырудың техникалық құралдары құрамына не кіреді? 
2.
Ақпарат көлемінің өлшем бірлігі ретінде нені қабылдау 
тағайындалған?
3.
Мəтін символдары қалай кодталады?
4.
Дəстүрлі 8-биттік кодтау мен Unicode жаңа кодтау арасында 
қандай айырмашылық бар?
5.
Дыбысты екілік кодтау сапасын қандай параметрлер анықтайды?
6.
Графиктік ақпараттың екілік кодталуы қалай жүргізіледі?
15 


Б
ӨЛІМ 

ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ 
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 
 
 
 
 
 
2.1. 
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ 
ДӘУІРЛЕРІ 
XX ғ. ортасында электрондық-есептеуіш машиналарын (ЭЕМ) жасауды 
адамзат тарихындағы ең үздік жетістіктерінің қатарына жатқызады. 
Есептеуіш техника адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін кеңейтті 
жəне ғылыми-техникалық прогрестің шешуші факторларының біріне 
айналды. Сонымен қатар оның дамуы өнеркəсіптік салаларда техника 
мен технологияның дамуымен үздіксіз байланысты. 
Арифметикалық операцияларға механикалық жəне жартылай 
автоматтық құралдарды пайдаланудың бір мыңжылдық тарихы бар деп 
есептеледі. Алғашқы есептеуіш құрылғылар Ежелгі Грецияда 
жасалған. 1642 ж. француз математигі Блез Паскаль (1623 — 1662) 
төрт арифметикалық амалды орындайтын механикалық арифмометр 
жасап шығарды. Неміс философы жəне математигі Готфрид Вильгельм 
фон Лейбниц (1646 — 1716) көбейту мен бөлуді жүзеге асыратын 
механикалық есептеу машинасын ойлап тапты. Ағылшындық Чарльз 
Бэббидж (1792 — 1871) икемді бағдарламалау схемасы жəне есте 
сақтау құрылғысы бар есептеуіш машинасының концепциясын жасап 
шығарды. Бағдарламалар перфокарталар – ақпарат тесіктер 
қисындастыруы түрінде көрсетілетін жəне деректер жəне аралық 
нəтижелер түрінде «қоймада» (жадыда) сақталатын қатты материалдан 
жасалған карточкалар көмегімен енгізіліп отырды. Машина бумен 
жұмыс жасады, есептеу процесі автоматтандырылған, ал кесте 
түріндегі есептеу нəтижелері басып шығарылатын. 
1878 ж. орыс математигі жəне механик Пафнутий Львович Чебышев 
(1821 — 1894) ондықтарды үздіксіз беретін жинақтаушы аппарат 
жасады, ал 1881 ж. — көбейту мен бөлу үшін оған қосымша приставка 
жасады. 
16 


Неміс эмигранты Герман Холлерит (1860 — 1929) деректерді 
енгізу үшін перфокарталарды қолданатын электромеханикалық 
«халық 
санағына 
арналған 
машинаны» 
патенттеді. 
Машинаперфокартадағы тесіктер арқылы электр тізбегінің 
тұйықталуы кезінде пайда болатын электр импульстерімен 
басқарылды. 
Есептеуіш құрылғылардың барынша екпінді жəне кезектес 
дамуы мен ендірілуі ретінде ХХ ғ. бірінші жартысы есте қалды. 
Әмбебап есептеуіш машинасын құру мүмкіндігін ағылшын 
математигі Алан Матисон Тьюринг (1912 — 1954) қалады. 
1938 ж. неміс инженері Конрад Зусе механикалық 
бағдарламаланатын Z-1 сандық машинаның макетін дайындады
оның құрамында перфокарталардан жады блогына деректер 
енгізетін пернетақта болды. Бұл машинаны құрған кезде дүние 
жүзінде алғаш рет автормен ұсынылған есептеудің екілік жүйесі 
жəне «машиналық сөз» термині қолданылды. 
1943 ж. американдық Говард Эйкен осы уақытқа дейін құрылған 
электромеханикалық 
реле 
негізінде 
IBM 
фирмасының 
кəсіпорындарының бірінде «Марк-1» деп аталған есептеуіш 
машинасын құрылымдады жəне жасап шығарды. 
Алғашқы есептеуіш машиналарын жасау кезінде электронды 
лампаларды қолдану осы салада прогреске түрткі болды. 1946 ж. 
АҚШ-та Джон Мочли жəне Преспер Экерттің жетекшілігімен бір 
топ мамандармен ENIAC 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет