Мамандандырылған ЭЕМ
біраз тапсырмалар қатарын шешу үшін
немесе нақты анықталған
функциялар тобын жүзеге
асыру
үшін қолданылады. Мұндай ЭЕМ тар бағдары олардың құрылымын
арнайы бағытқа сала алады, олардың күрделігін жəне жоғары
өнімділікті жəне олардың жұмысының сенімділігін сақтау кезінде
бағамын біршама төмен түсіре алады.
Мамандандырылған ЭЕМ-ге
мысалы,
арнайы
бағдарланған
бағдарламанатын
микропроцессорларды; жеке күрделі емес техникалық құрылғыларды,
агрегаттар мен процестерді басқарудың логикалық функцияларды
орындайтын адаптерлер мен контроллерлерді жатқызуға болады.
Габариттік өлшемдері мен өнімділігі бойынша
ЭЕМ мынадай түрде
жіктеледі
:
■
аса өндіргіш жəне жүйелер (супер-ЭЕМ);
■
үлкен ЭЕМ (жалпы бағыттағы əмбебап ЭЕМ);
■
кіші, немесе мини-ЭЕМ;
■
микроЭЕМ.
СуперЭЕМ
— ол тиісті тарихи кезеңде болған өте мықты есептеуіш
жүйелер.
Супер ЭЕМ-ге тез əрекеттілігі секундына 10 млрд. операцияларды
құрайтын қуатты көп процессорлы есептеуіш машиналар жатады.
Суперкомпьютерлер күрделі жəне үлкен
ғылыми тапсырмаларды
(метеорология, гидродинамика жəне т.б.) шешу үшін, басқаруда,
барлауда, ақпаратты орталықтандырылған сақтау орындары жəне т.б.
ретінде қолданылады.
Қазіргі уақытта əлемде өнімділігі бірнеше мыңдаған
флопс
(MF1OPS
—
mega-floating point operations per second)
—
компьютер теория жүзінде бір секундта орындай алатын қалқыма
нүктесі бар миллиондаған операциялар болатын бірнеше мыңдаған
супер ЭЕМ саналады.
Суперкомпьютерлерге жиі серверлерді де жатқызады.
Се р в ер — өзіне қосылған компьютерлерге
қызмет көрсетуді
жəне басқа желілерге шығуды қамтамасыз ететін есептеуіш
желілердегі мықты компьютер.
Арналуына байланысты серверлердің келесі типтері анықталады.
Қосымшалар сервері
есептеуіш желінің барлық станцияларының
сұраныстарын өңдейді жəне оларға ортақ жүйелік ресурстарға
(деректер қорына,
бағдарламалар кітапханаларына, принтерлерге,
факстарға жəне т.б.) рұқсат береді.
Файл-сервер
деректер қорымен жұмыс істеу үшін жəне ақпараты
бар файлдарды қолдану үшін қолданылады.
.
28
Архивациялық сервер
ақпаратты көп сервисті желілерде резервтік
көшірмелеу үшін қызмет етеді. Ол ауыстырылатын картридждері бар
магнит лентадағы тасымалдағыштарды (стриммер) қолданады.
Факс-сервер
бірнеше факсмодемдік тақталармен,
ақпаратты беру
кезінде рұқсатсыз қол жеткізуден арнайы қорғаныспен тиімді көп
адрестік байланысты ұйымдастыру үшін арналған.
Пошталық сервер
факс-сервер сияқты функцияларды атқарады,
алайда электрондық поштаны ұйымдастыру үшін, сонымен бірге
электрондық пошталық жəшіктермен жұмыс жасау үшін қызмет
жасайды.
Баспа сервері
жүйелік принтерлерді тиімді пайдалануға арналған.
Телеконференциялар
сервері
—
пайдаланушыларды
телеконференциялармен жəне жаңалықтармен
қамтамасыз ету
бағдарламасы болатын компьютер.
Егер компьютерге тиісті желілік бағдарламалық жабдықты
орнататын болса, онда компьютер сервер ретінде бола алады жəне бір
уақытта бірнеше функцияларды орындай алады, мысалы, пошталық
сервер, жаңалықтар сервері, қосымшалар сервері жəне т.б. бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: