Жүйелік тақтаны таңдаған кезде оның өлшемдерін ДК корпусының
типімен
келісіп алу керек, ал оны орнату кезінде қысқа тұйықталу
болмас үшін корпустың түбімен жəне жақтық металл панельмен
жанасуды болдырмау керек.
Ж ү й е л ік ж ү й е ні ң ф орм ф а к т ор ы —
ондағы негізгі
микросхемалардың, слоттардың орналасуының ортақ стратегиясы,
оның формасы мен өлшемі.
1995 ж. Intel корпорациясы жүйелік тақта мен ДК корпусы үшін
АТХ спецификациясын ұсынды.
2.5
суретте ATX 2.1 спецификациясына сəйкес ДК негізгі
элементтерінің орналасуы көрсетілген.
Осы АТХ спецификациясы
нұсқасының ерекшелігі болып қоректену блогы жүйелік тақта артына
шығарылуы табылады, ол процессордың суыту жүйесінің үлкен
өлшеміне байланысты.
АТХ жүйелік тақтасының барлық
артықшылықтары ол тиісті
корпусқа орналастырылғанда көрінеді.
2.5
-сурет. Негізгі элементтерінің жүйелік тақтада жəне АТХ формфакторының ДК
корпусында орналасуы
35
АТХ жүйелік тақталарының мынадай модификациялары жасап
шығарылған: Mini- ATX, Micro АТХ, Flex ATX.
1997 жылы Intel корпорациясымен жаңа NLX стандарты ұсынылды,
ол АТХ стандартының содан кейінгі дамуы болды.
NLX стандартына
сəйкес ДК-де ризер-карта орнатылады, оның стандарт слоттары PCI
жəне
ISA болады, оларға барлық қажетті кеңейту карталары
орнатылады. Ризер-картаның негізгі айырмашылығы ол аналық
тақта
NLX
Riser
Connector
деп
аталатын арнайы слотқа
орнатылатындығында
.
Бұл жалғағышта тек ақпараттық шина ғана
емес, сонымен бірге қорек шинасы болады. Сонымен орнатылып
болған соң жүйелік тақта автоматты түрде
қорек шинасына қосылған
болады. Ризер-картада ертеректе жүйелік тақтада орналасқан əр түрлі
жалғағыштар орналасады — IDE, FDD, USB, қоректену блогының
жəне т.б.
2.6
-сурет. Элементтердің ВТХ спецификациясына сəйкес жүйелік тақтада
орналасуы
36
1998 ж. Intel компаниясымен жоғары өнімділікті жұмыс
станциялары
мен
серверлері
үшін
WTX
формфакторы
компьютерінің стандарты жасап шығарылды.
2004 ж. Intel корпорациясы
жаңа жоғары өнімділікті
процессорлар үшін АТХ стандартының дамуы болып табылатын
BTX спецификациясын жариялады. Спецификацияны жасағанда
суыту жүйесін
жетілдіру, жүйелік тақтаның механикалық
төзімділігін
арттыру,
жүйелік
тақтаға
енгізу-шығару
интерфейстерін қосу тəсілдерін стандарттау тапсырмалары
қойылды.
2.6
суретте жүйелік тақтада ВТХ спецификациясына сəйкес
элементтердің орналасуы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: