Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет20/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Грек театрының ерекшеліктері


Драманың алғашқы түрлері діни мерекелерден туғандығы себепті, ежелгі гректер олардың барлығына үлкен құрметпен қараған. Сондықтан, театр тамашалары мемлекет бақылауындағы маңызды саяси және тәрбиелік шаралардың бірі саналған. Екіншіден, драманың дүниеге келуі тікелей Дионис мерекелерімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл тамашалар осы құдайдың құрметіне жыл сайын үш рет өткізілетін және бірнеше күндерге созылатын мейрамдарға айналған. Гректер бұл қойылымдарды жай бір ермек үшін деп емес, ал маңызды діни мереке ретінде бағалаған. Бұл мейрамды мүмкіндігінше салтанатты өткізуге дайындалып, барлығы дерлік театр тамашаларына келуге асыққан. Алғашқы дәуірлерде театр ойындары ақысыз көрсетілген. Кейін, шығындардың көбеюіне байланысты тамашалар ақылы болған, кедейлерге үкімет белгілі дәрежеде ақша төлеп отырған. Ежелгі Грекиядағы барша ойындар секілді театр тамашалары да сайыс түрінде өткізілетін.


«Бұл сайыстарға қатынасқысы келген әрбір трагедияшы ақын үкімет талабына сай бір-бірімен байланысты үш трагедия және бір сатиралық драма тапсыратын. Бұлардың барлығы қосылып бір төрттікті – тетралогияны құраған. Комедияшы ақындар сайысқа тек бір ғана шығармамен қатынасқан. Театр қойылымдарына дайындық жасау және ақындар сайысына басшылық ету істерін Афина мемлекетінің ең жоғарғы басшысы – бас архонт атқаратын. Бұл адамның жалғыз өзі, яки сол саланың мамандары жәрдемінде үш трагедияшы ақынның үш-үштен (трилогия) тоғыз трагедиясын және үш комедияшы ақынның бір-бірден үш шығармасын таңдап алып, кейін тек сол шығармалармен ғана жұмыс істеген. Әрбір ақынның шығармасын сахнаға қою шараларымен байланысты болған шығындарды заңға сай, маңызды қоғамдық міндет ретінде архонт қаланың дәулетті адамдарына жүктеген. Хор жетекшілері

  • хорегтер өздеріне бекітілген шығармаларға 12-15 адамнан тұратын хор орындаушыларын жалдауы, оларға киім-кеншек тіктірулері, хор мұғалімін шақыртулары, дайындық үшін ғимарат

табуы және солардың барлық шығындарын төлеуі тиіс болды. Сондықтан, шығарманың көрерменге ұнауы көбінше хорегтің еңбегіне байланысты болған. Сайысқа түскен шығармалардың баршасы қойылымнан өткен соң, Афинаның әр өлкесінен сайланған он адамдық сараптамашылар қорытынды шығарып, театр қатынасушыларына құнды сыйлықтар берген. Бұл сыйлықтар жеке-жеке тек үш ақын, үш хорег және үш бірінші актерлар ортасында бөлініп, жеңімпаздың гүл-шеңбері тек бірінші сыйлық алған адамның басына кигізілген, ал үшінші сыйлық жеңілгендіктiң белгісі еді» [29,48].
Грек әдебиетінің барша жанрлары сияқты, трагедияның да сюжеттері негізінен мифологиялық аңыздардан алынған. Алғашқы кезеңдерде бұл сюжеттер тек Дионис туралы аңыздарға қатысты болды, кейін ақындар басқа аңыздар жинағынан да пайдалана бастады. Бірақ сонымен бірге, трагедия шеберлері сюжет таңдағандарында тек заман талаптарына сай келетін мифтерді ғана алып, мүмкіндігі болса оларды өңдеп, солардың жәрдемінде өздері жасап жатқан дәуірдің маңызды мәселелерін шешуге ұмтылып отырған. Мифологиялық қаһармандардың күресі мен іс-қимылдары сол дәуірдегі көрермендерге парасат пен әдептіліктің үлгісі, қоғамдық моральдің биік шыңы болған; міне осы аңыз қаһармандарының әрекеттері негізінде трагедияшы өз замандастарын жоғары адамгершілік, отанға адалдық, адамдық борыш идеяларында тәрбиелеуді мақсат қылған.
Грек театры қазіргі заман театрына мүлдем ұқсамайды. Алғашында оның көлемі өте үлкен болған. Тамашалар күндіз ашық аспан астында көрсетілген. Археологтардың зерттеулері анықтағандай, Афина театрына 17 мың адам сыйған екен. Кейін 40–50 мың орындық театрлар салынған. «Театр» сөзінің негізгі мағынасы «көру», «күзету» дегенді білдіреді. Алғашқы дәуiрлерде көрермен отыратын жерді осылай атаған. Бұл атауды бүкіл театр ғимаратына қатысты қолдану V ғасырларда басталған. Грекияда театрдың жалпы халыққа арналғандығы себепті, оны көбінше тау етегіне құрған. Көрермендер отыратын қияның баурайындағы жарты шеңбер формасында алынған үлкен алаңды орхестр – ойын алаңы деп атаған. Мәрмәр тастар төселген орхестр алаңының ортасына Дионис бейнесі орнатылып, хор өлеңдері, актерлардың ойыны осы жерде орындалған. Орхестрдың артында сцена (шатыр)
деп аталатын кішкене баспана да болған, көне дәуірлерде осындай театр жабдықтарын сақтауға және актерлардың киінуіне арналып салынған бөлмелер соңын ала хор ойындарының қажеттігі жойылған кезеңдерде нағыз сцена – сахнаға айналады.
Шығарма оқиғасы барысында актердің жан-дүниесінде болып жатқан ішкі толқыныстарды бейнелеу үшін пайдаланылған маскалардың түрлері антикалық дүние театрында өте көп болған. Масканың тағы да бір қолайлы қасиеті сонда, бір актердің түрлі рөлдерде ойнауына, тіпті, әйелдер бейнесінде де шығуына мүмкіндік берген. «Діни нанымдардың қалдығын актерлардың киімдерінен де көреміз. Көне дәуірдегі алғашқы актерлар орхестрге аңыздық патшалардың шұбатылған ұзын киімдерін киіп шығатын.
Трагедияларда толығымен ескі аңыздардан алынған қаһармандардың өмірі суреттелгендіктен, олардың бейнесін мүмкіндігінше толығырақ ашу үшін, актерлар аяқтарына өте биік ағаш өкшелер қағылған аяқ киім, бастарына қоңыр шашты үлкен маска киген»[28,52].
Жалпы, ежелгі грек театрында осыған ұқсас шартты ерекшеліктер өте көп. Актерлардың ебедейсіз ауыр аяқ киімдері, үстілеріндегі шұбалаңқы көйлектерi олардың сахнада еркін қимылдауына кедергі болған. Беттеріндегі маскалар адам жанының қатып қалған бір сәтін ғана бейнелеп, кейіпкердің шынайы жан- дүниесін көрермен назарынан тасалап қалатын. Сөздердің жоғары дауыспен деклемация тәрізді айтылуы да – көріністің шынайы өмірден алынғандығына күман келтіретін. Хордың тамаша соңына дейін тапжылмай бір орында тұруы әлдеқандай қолайсыз жағдайлар туғызатын. Осы кемшіліктерге қарамастан, грек халқының мәдени тарихында театрлардың орны ерекше болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет