Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған


Германиядағы Қайта өрлеу дәуірі мен реформация



бет43/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Германиядағы Қайта өрлеу дәуірі мен реформация


XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басында Германия да Еуропаның басқа мемлекеттері сияқты «Ұлы дәуірге» қадам басты. Немістер «Реформация» деп атаған бұл дәуір мәдениет пен әдебиеттің қарқынды дами бастаған дәуірі еді. Мемлекеттің экономикалық жағынан нығаюы, қалаларда цех өндірісі мен сауда-саттықтың өркендеуі Германияның әлеуметтік және рухани тұрмысының өсуіне жағдай жасады.
Мұндай жандану мемлекеттің орталығында емес, негізінен, теңіз бойындағы саудамен айналысатын (оңтүстіктегі - Нюрнберг, Аугсбург, солтүстіктегі - Гамбург, Бремен, Любек, Данциг сияқты) қалаларда болды.
Ірі феодалдар билігінің нығаюы майда дворян-серілердің жағдайын қиындатты. Оқ-дәрінің қолданыла басталуы серілердің әскери құдіретін жойды. Соғыссыз өмір сүре алмайтын бұл топтар енді шаруаларға озбырлық жасай бастады. Мұндай қарама- қайшылықтар қалаларда да туындады. Мемлекеттік биліктегі байлар мен саудагерлерден құралған қала патрицийлары мен цех кәсіпкерлері арасында, цех өндірісінде ұсталар мен шәкірттер арасындағы қайшылықтар күшейді. Себебі, ұсталар бірте-бірте байып, кәсіпшілік мекемелердің қожайындарына айнала бастайды. Цехтардан тыс қалған сансыз плебей топтардың - ешқандай құқыққа ие болмаған қара жұмысшылардың жағдайы мүлдем нашарлады.
Осы дәуірде халықтың католик шіркеуінің озбырлығына қарсы күресі де күшейді. Рим папасы Германияның саяси қауқарсыздығын пайдаланып, калағанынша үстемдік жүргізді, түрлі жолдармен халықты тонап, байып отырды. Бұл жағдай «католик шіркеуін алғашқы қалпына келтіру керек» деген пікірлердің тууына себеп болды. Отаншыл азаматтар «Рим папасы Германияның ұлттық бірлігін сақтап қалуға кедергі болып отыр» деп түсінді. 1517 жылы Лютердің католик шіркеуінің тәртіптерін реформалау керектігін талап етіп бас көтеруі, феодалдық зұлымдық пен діни қанаудан әбден шаршаған күштердің наразылығын қоздырып жіберді. Еңбекші
халық Реформация әрекетіне төңкерісшіл сипат берді, 1525 жылы бұл қозғалыс Ұлы шаруалар көтерілісіне ұласты. Лютердің шіркеуге қарсы көтеріліске шақыруы екі үлкен саяси қозғалысқа себепші болды. 1523 жылы Франц фон Зикинген бастаған төмен дәрежелі дворяндар бас көтерсе, 1525 жылы Ұлы шаруалар көтерілісі басталды. Бұл саяси қозғалыстың екеуі де қала буржуазиясының тұрақсыздығы нәтижесінен жеңіліске ұшырады.
Германияда гуманистік әрекет XV ғасырдың ортасында пайда болды. Неміс гуманистері грек және Рим классиктерінің шығармалары арқылы көне дүние адамдарының дүниетанымымен, тұрмысымен танысты, соның нәтижесінде көне дүниенің «жарқын образдары алдында орта ғасырлардың бейнесі көмескіленіп қал ды».
Неміс гуманистерінің феодалдық-шіркеу озбырлығына қарсы күрестері дін жамылғысы астында өтіп, Реформация әрекетімен байланысып кетті.
Неміс гуманистері XV ғасыр бастарында діни мәселелермен де айналысты. Олар «қасиетті кітаптарды» терең үйрену үшін классикалық филологияны пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет