Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет46/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111

Франциядағы Қайта өрлеу әдебиеті


Қайта өрлеу қозғалысы XIV ғасырдың ортасында Италияда, XV ғасырдың екінші жартысында Еуропаның басқа да жерлерінде, XVI ғасырдың басында Францияда пайда болды. Француз Қайта өрлеу дәуірі әдебиетіне Италия әдебиеті айтарлықтай ықпал етті.


Бұл кезде француз королі Франциск I Италияға әскери жорық бастап, католиктердің басшысы, испан королі Карл V-мен соғысып жатқан еді. Италияда болған француздар Қайта өрлеу дәуірі мәдениетімен жақын танысты. Архитекторлар Франциск І-нің бұйрығымен Ренессанс әдісінде қамалдар салады. Гуманист жазушылар Данте, Петрарка мен Боккаччо шығармалары француз тіліне аударылады. Олар ежелгі антик мәдениет жәдігерліктері қатарында үлкен қызығушылықпен оқылды.
Француз протестантшылдығы үлкенекідәуірдіөзбасынан өткізді.
Алғашқы протенстанттар гуманистік пікірлерге бейім зиялылар тобынан болды. Олар сол дәуірдегі билік пен дін негіздеріне де сын көзбен қарады. Атақты математик Лефебр (1555-1557) Италиядан оралған соң, Аристотель мен басқа да грек ғалымдарының ойларын жаңаша талдауға кіріседі. Енді ол аудармаларға сүйенбей негізгі түпнұсқаларға негізделіп, осы пікірлердің шынайы мазмұнын ашуға ұмтылады. Соңынан Лефебр «қасиетті кітаптарды» да қайта тексереді. «Інжілде» ол поптардың жалған сөздерінің ешқайсысы да жоқ екендігін анықтайды. Сөйтіп, Лефебрде алғашқы саф таза «Інжіл» іліміне қайта оралу пікірі туады. Лефебр өз пікірін дәлелдеу үшін «Інжілді» қайта тәржімалап, тұңғыш рет француз тілінде жариялады. Оның осы әрекеті дін өкілдерінің күшті наразылығын тудырады. Лефебр шет елге қашуға мәжбүр болды, ал оның қолдаушылары жазаға тартылып, өлтірілді. Кейіннен Франциск I Лефебрді ақтап, Реформацияға аярлықпен қарап, оны Францияға кіргізбекші болды. Бірақ отызыншы жылдары католик іліміне қарсы халық қозғалысының күшейіп бара жатқандығынан билеуші топтар қатты қорықты. Осыдан соң Франциск І еркіндігі үшін күрескендердің барлығына кешірім жасады. Көп ұзамай
«еретиктерді» жазалау басталады. 1546 жылы ірі ғалым Этьен Доле жазықсыз отқа өртелді.
Француз протестантшылығының мұнан соңғы тағдыры Жан Кальвин (1509-1564) қызметімен тікелей байланысты. 1536 жылы ол Женеваға кетіп, сол жерден Франциядағы протестанттық қозғалысқа жетекшілік жасайды. Кальвин өз пікірлерін латын тілінде жазылған «Христиан діни қолжазбасы» деген кітабында негіздеп береді. Бес жыл өткен соң бұл «Қолжазба» француз тіліне аударылды. Христиандардың діни ілімі Евангелизмнің орнын енді кальвинизм басады.
Кальвиннің негізгі танымы «тағдыр мен құдайдың адамдар ісіне араласпауы» жайында еді. Оның тағдыр туралы ілімінде
«әрбір адамның маңдайына бақыт пен қасірет жазылады, адам соның қайсысына ие екендігін білмейді, ол тағдырға тәуелді. Бірақ, сонда да адам жақсылықтан үміттеніп, соған ұмтылуы керек» делінген. Кальвиннің тағдыр туралы бұл пікірі адамды өмірге зор сенімділікпен қарауға үндейді. Оның шәкірттері де «әрбір адам өз кәсібінен мүмкіндігінше көбірек пайда табуы, қолда барды үнемдеуі, қанағатшыл болуы тиіс» деген ойларды дамыта түседі. Оның тағдыр
туралы ілімі - сауда мен бәсекелестік дүниесінде адамның жолы болуы немесе болмауы олардың еркінен тыс жағдайларға тәуелді екендігін діни тұрғыдан негіздеп беру болатын. «Оны адамның қалауы яки ісі белгілемейді, оны құдіретті, бірақ көзге көрінбейтін экономикалық жасырын күштер белгілейді». Бұл пікірлердің дұрыстығы экономикалық өзгерістер кезінде, яғни барлық ескі сауда жолдары мен сауда орталықтары қирап, жаңалары пайда болып жатқан, Америка мен Үндістан ашылып, тіпті бұрыннан экономикалық жетістік рәмізі болып келген алтын мен күмістің құны құлдырап түсіп кеткен бір уақытта, өте анық көрінді.
Кальвиншілдік шексіз билікке тәуелді болуды қаламаған дворяндар арасында, әсіресе феодалдық озбырлықтың негізгі тірегі болған Оңтүстік Франция дворяндары арасында кең таралды. XVI ғасырдың екінші жартысында шексіз билікке қарсы күрескен кальвинші - дворяндар «діни» жанжалдардан келіп шыққан көтерілістердің басында тұрды. Соғыс аяқталған соң-ақ олардың көпшілігі өз мүдделерін ойлап, католиктер жағына өтіп кетті.
Гуманистер екі партиямен де (католиктер мен протестанттар) кейде байланысып, кейде қол үзуге әрекеттеніп отырды. Католиктер партиясындағы ұлттық бірлік идеясы гуманистерге мақұл көрінгенмен, олардың тар шеңбердегі діни көзқарастары көптеген гуманистерді қанағаттандырмады. Кальвиншілердің (протестант) ақыл-жігерге сүйену, адамзат қоғамын қандай да бір идеал негізінде қайта құру секілді батыл ой-пікірлері гуманистерді қызықтырса, олардың буржуазиялық шектелгендігі гуманистерге жат болатын. Сондықтан да ірі гуманистер Рабле, Деперье мен Монтень діни қақтығыстардан алыс тұрды.
Франциск І-нің немерелері Карл IV (XVI ғасырдың үшінші ширегі) мен Генрих III (XVI ғасырдың төртінші ширегі) билік жүргізген дәуірлерде өзара діни соғыстар мемлекеттің жағдайын ауырлата түседі. Генрих IV-нің кезіндегі бейбітшілік ұзаққа созылмады. Кертартпа топтар мемлекетті қызыл қанға бояды. Осындай күрестер мен өзгерістер жағдайында Қайта өрлеу қозғалысы туды.
Француз Қайта өрлеу дәуірінің басталуында антикшілдік пен Реформация қозғалысы үлкен рөл ойнады.

  1. ғасырдағы француз Қайта өрлеу дәуірінің ірі өкілдері білімдерінің кеңдігімен ерекшеленетін жазушылар, философтар,

тарихшыларжәнежаратылыстанушылар еді. Рабле, Маро, Маргарита Наваррская, Ронсар т.б. француз әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан әдебиет қайраткерлері болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет