300
алмаған әкесі мен ағаларын «қозыны қасқырға алдырған қорқақ
шопандарға» теңейді. «Сендер – қойсыңдар, сол үшін сендерге Қой
қайнарында жасау өте қолайлы» деп, өз қыздары мен әйелдерінің
тағдырын озбырлар қолына тапсырған шаруаларды да айыптайды.
«Олай болса, енді әйел-қыздардың өздері қолдарына қару алып,
тапталған намыстарының кегін өздері алады», дейді. Намыс буған
Лауренсияның әкесі Эстебан күреске дайын екендігін айтады. Оған
басқа шаруалар да қосылады. Барлық халық қаруланып, командор
сарайына басып кіріп, командорды жазалап, өлтіреді. Фрондосоны
зынданнан құтқарады. Командордың аман қалған қызметкері
Флорес жасырын король құзырына барып, Қой қайнары қыстағының
халқы көтеріліске шығып, өз синьорын жауыздықпен өлтірді,
деген хабарды жеткізеді. Король қыстаққа өз шенеунігін жіберіп,
қылмыскерлерді анықтап, оларды жазаға тарт деп бұйырады.
Тергеуші қыстақ адамдарын шақырып, командор Фернан Гоместі
өлтірген қылмыскерді анықтау мақсатында сұрақ алады. Бірақ
«Командорды кім өлтірді?» деген сұраққа олар: «Қой қайнары
өлтірді», «Айыпты кім?» десе, олар «Айыпты Қой қайнары»
деп жауап қайтарады. Ақыры тергеуші нақты қылмыскерді таба
алмай сарайға қайтады. Сондықтан король «жасалған қылмыстың
ауырлығына» қарамастан, тергеуді тоқтады, шаруалардың
«күнасын» кешіруге мәжбүр болады. Қой қайнары қыстағын өз қол
астына алады.
Шығармада жазушы испан монархиясының екіжүзділігін
әшкерелеп, шаруалардың байларға қарсы көтерілісін қолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: