Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Ішкі ұрыстар дәуіріндегі Рим әдебиеті



Pdf көрінісі
бет37/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Ішкі ұрыстар дәуіріндегі Рим әдебиеті
Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырдың орталарынан бастап, 
Рим қоғамында өте өткір таптық қайшылықтар туа бастайды.
Тынымсыз соғыстар кезінде қолға түскен сансыз құлдарды 
аяусыз қанау нәтижесінде қоғамның билеуші топтары барған 
сайын байып, бірте-бірте ірі жер иелеріне айналады. Бұл жағдай 
құлиеленушілер мен құлдар ортасындағы қарама-қарсылықтарды 
өршіте түсіп, Рим империясының көптеген жерінде әсіресе Сицилия, 
Кіші Азия және басқа да өлкелерде үлкен құлдар көтерілісінің 
тууына себепші болады. Спартак жетекшілігінде басталып, кейін 
Италияның барлық аймағына таралған және төрт жыл (б.з.б. 74-71) 
бойына бүкіл Рим мемлекетін дүр сілкіндірген құлдар көтерілісі 
осы наразылықтардың ең ірісі еді.
Рим империясындағы ірі жер иеленушілер мен шаруалар 
ортасындағы қарама-қарсылықтар да шиеленісе түседі. Алпауыт 
шаруашылықтардың екпініне төтеп бере алмаған майда, шағын 
диқан шаруашылықтары бірте-бірте күйзеліске ұшырайды. 
Шаруалар жерін арзанға сатып, қалаларға қарай ағылады және 
бұл жерлерде кездейсоқ табыспен күн көретін жандарға айналады. 
Қоғамның билеуші тобы болған сенат, ақсүйек топ мемлекеттің 
ең жоғары мансаптарын иемденіп, елдің байлығын тонайды. Ал, 
қарапайым халық пен құлдар аштықта, жоқшылықта азап шегеді.
Қоғамдағы міне, осындай әлеуметтік теңсіздіктер демократтық 


138
идеялардың дамуына және I-ғасырдың орталарына келіп, Римде 
оптиматтар
және 
популярлар
деп аталатын екі саяси партияның 
пайда болуына жағдай жасайды. Оптиматтар сенат өкілдері 
мен ірі жер иеленушілердің мүдделерін, популярлар болса, қала 
мен ауылдағы демократтық топтардың мүдделерін қорғайды. 
Демократтық қозғалыстың жетекшілері ағайынды 
Тиберий
мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет