232
дамыту, жайылымдарды кеңейту талаптарын туғызды. Помещиктер
шаруаларға тиесілі жерлерді тартып алып, оларды жайлауларға
айналдырады. Осындай аграрлық өзгерістер салдарынан мал-
мүліктен айрылған шаруалар ірі мануфактуралар үшін арзан
жұмысшы күшіне айналады.
Қайта өрлеудің алғашқы сатысы Англияда реформация
қозғалысы басталған уақытқа сай келді. Дін мен шіркеуге қатынас
ағылшын гуманистері үшін ең күрделі мәселе еді. Осы қозғалыстың
екінші сатысында шіркеудің заттық және мағыналық мазмұнына
соққы беріледі. Генрих VIII Рим папасының ағылшын шіркеуі
үстінен жүргізген үстемдігін жоюымен (1534) бірге көтерілісші
феодалдар қарсылығын да жеңеді. Генрих VIII жүргізген саясат
ағылшын гуманистерінің діни озбырлыққа қарсы және дүниежүзілік
мәдениетті қалыптастыру үшін алып барған күресін жеңілдетті.
Қайта өрлеу қозғалысы мемлекеттің мәдени өмірінде терең
өзгерістерді туғызды. Ой және дене еңбегі үшін үлкен жағдай
жасады. Ғылыми және географиялық жаңалықтар нәтижесінде
дүние шекаралары туралы түсініктер кеңейді. Адам санасы орта
ғасырлық діни-шіркеу схоластикасы мен әдет-ғұрыптары әсерінен
арыла бастайды.
Әлемдік мәдениет, ғылым мен әдебиеттің өсуіне кең жол
ашады. Озық ойлы қайраткерлер дәуір талабына жауапты өмірдің
өзінен, халықтың тұрмысынан іздеді. XVII ғасырдың ірі ғалымы
«Материализмнің ең алғашқы авторы» Френсис Бэкон схоластикалық
ілімге қарсы күресінде тәжірибелерге сүйенген ғылымды негіздеуге
әрекет етеді.
Мәдениет пен әдебиет гуманистік идеяларды кең таратуда
жауынгерлік қаруға айналды. Жазушылар мен ғалымдар антик
мәдениет тарихын үйренуге кіріседі. Қайта өрлеу дәуірінің
мәдениеті антик мәдениеттен өзгеше жағдайда туған болса да,
гуманистердің қағидаларын лақтырып тастап, көне грек және рим
мәдениетінің өмірсүйгіш мұраларын қайта тірілтуге ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: