280
Пансаның бұл мақсатқа ұмтылудағы ойы - өз тұрмысын жақсарту
мен мемлекеттің қалай басқарылуын өз көзімен көру еді. Мұндай
қызметті орындауға тура келгенде, ол бұл істі данышпандықпен
атқарады.
Санчо Панса образында Сервантес «атқосшының барлық
жақсы қасиеттерін жинақтайды». Серілік романдарда атқосшының
характері өте аз, әрі жеткіліксіз суреттелетін. «Дон Кихот»
романында болса, ауыр сынақтарға төтеп берген Санчо Панса
қожайнының тентектік әрекеттерінен тиісті қорытынды шығарып,
оған сын көзбен қарай бастайды. Санчо - халық даналығын
бейнелеген қарапайым адам образы.
Роман персонаждарының құрамына кірген қарапайым жандар –
шаруа мен шопан, студент пен сарбаз, арбакеш пен кәсіпқой, майда
дворян мен керуен сарай қожайындары. Олардың алдына қойған
мақсат пен әрекеттері жазушының негізгі идеясын ашуда маңызды
орынды алады. Әсіресе, әйел-қыздар образы – Дон Кихоттың
жиені Антония Кихано, қызметші әйел мен Тереса Панса образы
назарға лайық. Тереса ерінің губернаторлыққа ұмтылуы мен қызын
бай адамға ұзату туралы кеңесіне қарсы болады. Қызының шаруа
жігітпен тұрмыс құруын қалайды.
«Ол графиня болған күні, - деп қарсылық білдіреді Тереса, - мен
оны көрге көмдім деп санаймын. Бірақ, мен тағы да қайталаймын:
қалай қаласаң, солай істе, біз әйелдердің басына түскен тауқымет
осы, мүлде ақылы жоқ болса да, еріңе бағынуың керек».
Сервантес орта ғасыр жағдайында жасаған шаруа әйелдің
тұрмысы мен арман-тілектерін шынайы көріністер арқылы суреттеп
береді. «Бақытты болу байлықта емес, теңдік пен өзара құрметте»,
деп көрсетті ол.
Достарыңызбен бөлісу: