304
жағынан ұқыпты жазылған 30-ға жуық пьеса қалдырды.
Аларконның ұлттық қаһарман топтамасындағы пьесаларының бірі
- «Сеговиялық тоқымашы» (1634) шығармасы. Онда драмашы адам
күші мен құдіретінің, әділдік пен нағыз махаббаттың жеңісі туралы
хикаялайды.
Жазушы бас қаһарманның ауыр тағдырын суреттегенде,
оқиғаларға саяси өң беріп, дворян дон Фернандо күресін әке кегі
үшін емес, ал қорланған кедей тоқымашының әділет үшін жүргізген
күресі сипатында талқылайды.
Бұл Аларконның интригалық комедиядан характерлер
комедиясына өтуін белгілеген озық шығармалар ретінде испан
драматургиясы қазынасына қосылған құнды туындысы. Оның
осы тәріздес жазған «Күдікті ақиқат», «Қабырғаның да құлағы
бар», «Ерлерді сынау», «Әр адамда бір айып» сияқты бірнеше
комедиялары бар. Бұл пьесаларда негізгі қаһармандардың қандай
да бір кемшілігі көрсетіліп, жақсылық оларға қарсы қойылады.
Мәселен, «Күдікті ақиқат» комедиясында айлакерлікті сынға алады.
Ақсүйек жігіт дон Гарсия әрдайым айналасындағыларды алдаумен
шұғылданады. Күндердің бірінде оның шын сөзіне де ешкім
сенбейді. Дворян жігіттің бойындағы мұндай жаман әдет соңында
оны ауыр жағдайға душар етеді.
Аларконның бұл комедиясы француз драмашылары болған
Корнельдің «Алаяқ», Мольердің «Мизантроп» туындыларының
жазылуына белгілі дәрежеде әсер етті.
Драмашы комедияларында қаһарманның характері драмалық
жағдайдың негізін құрайды. Лопе де Веганың ғашықтық
комедияларының композициясында кездейсоқ оқиғалар оқыс
бұрылыстарды туғызса, Аларкон драмаларында мұндай оқиғалар
характерлердің психологиясын толық ашып береді. Аларкон
шығармашылығы өзінің реалистік характері, әділетсіздікті сындық
тұрғыда бейнелеуі тұрғысынан ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінен
маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: