303
бір қатарға қояды. ХІХ ғасырдың бастарында испан әдебиеті
мен театрын үйрену тағы да күшейеді. Пушкин «Әдебиеттің
халықшылдығы туралы» (1825) атты мақаласында Лопе де Веганы
халық арманын бейнелеуші деп бағалайды. В.Г.Белинский «испан
драмасы Лопе де Вега және Кальдерон сияқты жазушылармен
мақтануы тиіс» екендігін айтты.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап ұлы драмашының
пьесаларын орыс тіліне аудару күшейеді. 1870-1880 жылдар
«Фуэнте Овехуна» («Қой Қайнары»), «Севиль жұлдызы»
пьесаларын сахналастыру мәдени өмірдегі үлкен оқиға болды.
Кейін «Шалғындағы ит», «Фенисаның налалары» пьесалары да
орыс сахнасында қойылады. Оның «Валенсия жесірі», «Севиль
жұлдызы», «Шалғындағы ит», «Би мұғалімі» сияқты 30-дан аса
драмалары мен комедиялары тек орыс тілінде ғана емес, ал украин,
белорус, армян, грузин, әзірбайжан, қазақ тілдерінде де сахнаға
қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: