65
Демокрит қоғамдық-саяси мәселелермен де терең айналысып,
ежелгі гректер ортасында кең тараған көне дәуірдегі «алтын
ғасыр» туралы аңыздарды жоққа шығарады. Оның пікірінше,
«қоғамның алғашқы дәуірлерінде адамзат санасыз жануар сияқты
өмір сүрген. Тіршілік ету қиындықтары нәтижесінде бірте-бірте
ойлауға ерісіп, мәдениет негіздерін құра бастаған». Мемлекет
құрылысы саласындағы еңбектерiнде Демокрит демократтық
қоғамның абзалдығын қолдайды. Бірақ, Демокриттің ең жоғары
баға берген бұл демократиясы құлдық негізге құрылған демократия
еді. Өкініштісі сол, осындай ұлы қайраткердің бірде-бір шығармасы
біздің дәуірімізге жетіп келген жоқ.
Б.з.б. V ғасырдың екінші жартысында Эллада жеріндегі
қоғамдық мәселелерді үйрену ісін өз алдына негізгі мақсат етіп
қойған жаңа ғылыми-философиялық ағым пайда болады. Бұл
ағымның өкілдері өздерін
Достарыңызбен бөлісу: