Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет17/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

«эпиникий»
, яғни «жеңiс жыры» деп аталатын жаңа 
түрi дүниеге келедi.
Думанды лирикаға, әсiресе оның құдайларға арналған дiни 
тармағына негiз салған ақындар ретiнде бiр неше тұлғалардың 
аттары аталады. Олар – Ареон, Алкман, Стесихор, Ивик және т.б. 
Бұл ақындардың кейбiреуiнен ешқандай әдеби мұра қалмаған, 
кейбiрiнен бiрлi-жарым үзiндiлер сақталған.
Жалпы, грек лирикасының барлық түрлерiн, соның iшiнде 
думанды лириканы жоғары көркемдiк даму сатысына көтерген ұлы 
ақындар Симонид, Пиндар және Вакхилид болды.
Симонид
б.з.б. 556-ылы Кеос аралында туған. Бүкiл өмiрiн 
Анекреонт сияқты сый-құрметте, түрлi патшалар сарайында 
ткiзедi. арай ақыны ретiнде өзiнiң қамқоршыларына арнап көптеген 
мадақ жырлар жазады. Ақын 90 жылдай өмiр сүрiп, б.з.б. 469-ылы 
Сицилияда қайтыс болады. Симонид - думанды лириканың барлық 
жанрында шығарма жазған қаламгер ақын.
Ежелгi грек мәлiметтерiне қарағанда, думанды лириканың 
«эпиникий», яғни жеңiс жыры жанрына негiз салған ақын Симонид 
болған. Ақын өмiр сүрген дәуiрдiң өзi бұл жанрдың дамуына кең жол 
ашқан едi. Өйткенi, бұл замандарда мемлекеттiң түрлi жерлерiнде 
iзбе-iз жалпы гректiк сайыс мерекелер (Олимп, Пифо, Истим, 
Немей) ұйымдастырылады. Симонид бұл мерекелерде өткiзiлетiн 
сайыс ойындарда жеңiп шыққан адамдарға арнап бiрнеше жырлар 
жазған, бiрақ бұл шығармалардың ешқайсысы толық күйінде бiзге 
жетпеген соң, олардың мазмұны мен көркемдiк ерекшелiктерi 
туралы ешнәрсе айта алмаймыз.
Симонид өз халқының басына түскен ұлы тарихи оқиға – 
парсылардың Грекияға шабуылдауы мен гректердiң дұшпанға 
қарсы жүргізген қиян-кескі шайқастарының куагері болады. Өз 
шығармаларында отан азаттығы үшiн табанды күрескен, сол жолда 
мерт болған батырлардың ерлiктерiн дастан қылып жырлайды. 
Фармопил шайқасында қаза тапқан ерлерге арнап жазылған 


59
шығарманың кiшкене бiр үзiндiсiнде ақын батырлар есiмiн 
отандастарының ұмытпайтындығын, олардың ерлiгi ұрпақтан-
ұрпаққа жететiндiгiн айтады. Симонидтiң ақындық шеберлiгi 
эпиграммаларда айқын көрiнедi. Бiз қазiргi кезде бiрер тұлғаға 
арнап жазылған кiшi көлемдегi өлеңдi «эпиграмма» деп атаймыз, ал 
ежелгi гректер қабiр басына, яки бiрер құдайға арналған ескерткiш, 
не бұйымдарға ойып жазылған қысқа өлеңдердi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет