Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Грек театрының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет26/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   133
Грек театрының ерекшеліктері
Драманың алғашқы түрлері діни мерекелерден туғандығы 
себепті, ежелгі гректер олардың барлығына үлкен құрметпен 
қараған. Сондықтан, театр тамашалары мемлекет бақылауындағы 
маңызды саяси және тәрбиелік шаралардың бірі саналған. 
Екіншіден, драманың дүниеге келуі тікелей Дионис мерекелерімен 
тығыз байланысты болғандықтан, бұл тамашалар осы құдайдың 
құрметіне жыл сайын үш рет өткізілетін және бірнеше күндерге 
созылатын мейрамдарға айналған. Гректер бұл қойылымдарды 
жай бір ермек үшін деп емес, ал маңызды діни мереке ретінде 
бағалаған. Бұл мейрамды мүмкіндігінше салтанатты өткізуге 
дайындалып, барлығы дерлік театр тамашаларына келуге асыққан. 
Алғашқы дәуірлерде театр ойындары ақысыз көрсетілген. Кейін, 
шығындардың көбеюіне байланысты тамашалар ақылы болған, 
кедейлерге үкімет белгілі дәрежеде ақша төлеп отырған. Ежелгі 
Грекиядағы барша ойындар секілді театр тамашалары да сайыс 
түрінде өткізілетін. 
«Бұл сайыстарға қатынасқысы келген әрбір трагедияшы ақын 
үкімет талабына сай бір-бірімен байланысты үш трагедия және 
бір сатиралық драма тапсыратын. Бұлардың барлығы қосылып бір 
төрттікті – 
тетралогияны
құраған. Комедияшы ақындар сайысқа 
тек бір ғана шығармамен қатынасқан. Театр қойылымдарына 
дайындық жасау және ақындар сайысына басшылық ету істерін 
Афина мемлекетінің ең жоғарғы басшысы – бас архонт атқаратын. 
Бұл адамның жалғыз өзі, яки сол саланың мамандары жәрдемінде 
үш трагедияшы ақынның үш-үштен (трилогия) тоғыз трагедиясын 
және үш комедияшы ақынның бір-бірден үш шығармасын таңдап 
алып, кейін тек сол шығармалармен ғана жұмыс істеген. Әрбір 
ақынның шығармасын сахнаға қою шараларымен байланысты 
болған шығындарды заңға сай, маңызды қоғамдық міндет ретінде 
архонт қаланың дәулетті адамдарына жүктеген. Хор жетекшілері 
– хорегтер өздеріне бекітілген шығармаларға 12-15 адамнан 
тұратын хор орындаушыларын жалдауы, оларға киім-кеншек 
тіктірулері, хор мұғалімін шақыртулары, дайындық үшін ғимарат 


75
табуы және солардың барлық шығындарын төлеуі тиіс болды. 
Сондықтан, шығарманың көрерменге ұнауы көбінше хорегтің 
еңбегіне байланысты болған. Сайысқа түскен шығармалардың 
баршасы қойылымнан өткен соң, Афинаның әр өлкесінен 
сайланған он адамдық сараптамашылар қорытынды шығарып, 
театр қатынасушыларына құнды сыйлықтар берген. Бұл сыйлықтар 
жеке-жеке тек үш ақын, үш хорег және үш бірінші актерлар 
ортасында бөлініп, жеңімпаздың гүл-шеңбері тек бірінші сыйлық 
алған адамның басына кигізілген, ал үшінші сыйлық жеңілгендіктiң 
белгісі еді» [29,48]. 
Грек әдебиетінің барша жанрлары сияқты, трагедияның 
да сюжеттері негізінен мифологиялық аңыздардан алынған. 
Алғашқы кезеңдерде бұл сюжеттер тек Дионис туралы аңыздарға 
қатысты болды, кейін ақындар басқа аңыздар жинағынан да 
пайдалана бастады. Бірақ сонымен бірге, трагедия шеберлері 
сюжет таңдағандарында тек заман талаптарына сай келетін 
мифтерді ғана алып, мүмкіндігі болса оларды өңдеп, солардың 
жәрдемінде өздері жасап жатқан дәуірдің маңызды мәселелерін 
шешуге ұмтылып отырған. Мифологиялық қаһармандардың 
күресі мен іс-қимылдары сол дәуірдегі көрермендерге парасат пен 
әдептіліктің үлгісі, қоғамдық моральдің биік шыңы болған; міне 
осы аңыз қаһармандарының әрекеттері негізінде трагедияшы өз 
замандастарын жоғары адамгершілік, отанға адалдық, адамдық 
борыш идеяларында тәрбиелеуді мақсат қылған. 
Грек театры қазіргі заман театрына мүлдем ұқсамайды. 
Алғашында оның көлемі өте үлкен болған. Тамашалар күндіз 
ашық аспан астында көрсетілген. Археологтардың зерттеулері 
анықтағандай, Афина театрына 17 мың адам сыйған екен. Кейін 
40–50 мың орындық театрлар салынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет