Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет25/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

trago
және 
oide
деген екі сөзден құралып, 
«теке жыры» 
деген мағынаны білдіреді. Өте көне замандарда гректер Дионисті 
теке бейнесінде (тотемизм) елестеткен және сатирлардың ешкі 
сипатындағы мақұлықтар болғандығын ескерсек, Аристотель 
пікірлерінің дұрыстығын байқаймыз.
Аристотель комедияның пайда болу тарихын да Дионис мерекесіне 
ұштастырады. Көктем кезінде қыстақтарда өткізілетін егіншілік 
мерекелерінде, әсiресе, Дионис мейрамында шаруалар құдайлардан 
береке тілеп, мол өнімнiң рәмiзi ретінде бірер жануардың мүшесін 
себетке салып, көше бойлап өлең айтып жүредi екен. Жалпы, бұл 
мейрамдар өте көңілді өтетін болған. Мереке кезінде жолаушыларға 
тиісу, олардың намысын қытықтайтын күлкілі сөздер айту немесе 
өздеріне ұнамаған байларды өлеңмен келеке қылып, қағыту 
мұндай мерекелердегі қалыптасқан жағдай болды. Осылардың 
барлығы комедияның алғашқы белгілері екендігін Аристотель 
сол жанрдың атымен дәлелдеуге ұмтылады. Шындығында да 
«комедия» атауы 
«comos»
және 
«oide»
деген сөздердің бірігуінен 
пайда болып, 
«сайқымазақтар жыры»
деген түсінікті аңғартады. 
Аристотельдің «трагедия – дифирамб өлеңдерінен, комедия – фалл 
жырларынан басталады» деген пікірлерін ғалымдар қазіргі күнде 
толығымен жоққа шығарады. Дионис құрметіне арналған мақтау 
жырлары-дифирамбтардың шағын лирикалық өлең шеңберінен 
шығып, нағыз драмалық жанрға айналғанынша өте ұзақ дәуірлер 
өткен, бірнеше ақындар тер төккен. Бұл жырлар алғашында елу 
адамнан құрылған хордың қатысуымен орындалған. Оларды 
орындаудан алдын хордан бір адам бөлініп шығып, әнді бастап 
берген. Сосын, кезек-кезек, біресе жеке әнші, біресе хор жырды 
орындап отырған. Бұдан біз драманың ең қажеттi белгісі саналатын 
алғашқы диалогты көреміз. Дифирамбтарды көркемдік жағынан 
қайта өңдеп, жаңа әдеби түрге айналдыру барысында ежелгі дәуір 
ақындары әжептәуір ұрынғанымен, бұл жанр ұзақ жылдар бойы сол 
лирикалық жыр қалпында қалып қойды. Өйткені, оның құрамында 


73
қимыл-әрекет, нағыз ойын жоқ болатын. Бұл саладағы ең күрделі іс 
– дифирамбтарды атқаруға алғашқы актерды кіргізу болған. Содан 
соң, дифирамбтардың әрекет шеңбері кеңейеді, диалогтар ұлғаяды. 
Енді актер мен хор арасында сұқбаттасу, яки хор ән айтып тұрғанда 
актер сыртқа шығып, сахнадан шетте болып жатқан оқиғалар туралы 
хорға жаңа хабарлар айтып келу немесе қажет болған жағдайда 
шығарманың мазмұнына қарап, басқа киім киіп келу мүмкіндігі 
пайда болады. Дұрыс, актердың ойыны шығармада қазірше өте аз. 
Бірақ осыған қарамай, енді ол оқиғаны әрекетке келтіруші шешуші 
күшке, хордың мазмұнын түсіндіруші негізгі тұлғаға айналады. 
Хор болса, тек лирикалық бөлімдердің ғана орындаушысы болып 
қалады.
Әдебиет тарихында қалыптасып қалған дифирамбқа алғашқы 
актерды кіргізген өнер қайраткері деп ежелгі гректер 
Феспид
деген ақынды атайды. Феспид істерін жалғастырған ақындар 
соңынан бірте-бірте Дионис оқиғаларымен байланысты болған 
сюжеттер шеңберінен шығып, грек аңыздарының басқа да түрлі 
сюжеттерінен кең түрде пайдалана бастады. Соңынан ақындар адам 
өмірімен байланысты болған мәселелерге де қол жеткізеді. Енді 
дифирамбтың шешуші бөлімдерінің бірі болған сатирлар хорының 
маңыздылығы жойылып, олар шынайы адамдардан құрылған 
хорлармен ауыстырылады. Бірақ сатирлардың шабытты ойындарын, 
қызықты өлеңдерін сахнадан шығарып тастау нәтижесінде 
трагедия мазмұны күрделене түседі. Бұл жағдай халық арасында, 
әсіресе, шаруалар ортасында наразылықтар туғызды. Олар «бұл 
шығармалардың Диониске мүлдем қатысы жоқ» деп, тіпті оларды 
тамашалаудан да бас тартады. Осы топтардың талаптарына жауап 
ретінде драматургияның жаңа түрі, алғашқы «сатиралық драма» 
пайда болады. Бұл шығармалардағы хор орындаушылары, әрине 
Дионистің қызметшілері-сатирлар болды. Осы жанрдың негізін 
салған б.з.б. VI ғасырдың аяғы мен V ғасырдың бастарында өмір 
сүрген ақын 
Пратин
еді. Бірақ оның отызға жуық «Сатиралық 
драмасы» бізге жеткен жоқ. Ескерте кету керек, сатиралық драма 
ешқашан жеке түрде сахнада қойылмаған. Олар үш бөлімнен 
тұратын трагедиялық шығармалардың тек соңғы қорытынды 
бөлімі ретінде сахнаға шығарылған және трагедиялармен бір тұтас 
төрттікті – үш трагедия, бір сатиралық драманы құраған. 
Қорыта айтқанда, бұл кезеңде грек драматургиясының үш негізгі 


74
жанры – трагедия, комедия және сатиралық драма пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет