131
қаламгерлері, ХVІІ ғасыр жазушылары өз шығармашылықтарында
Рим әдебиеті үлгілерінен кең түрде пайдаланды. Ал, ХVІІІ ғасырда
буржуазия гуманистері (Лессинг, Гете, Шиллер) грек әдебиетіне
ерекше назар аудара бастайды. Сол себепті, Еуропа халықтары
көркем әдебиетінің қалыптасуындағы негізгі орынды бес ғасырды
қамтитын грек әдебиеті емес, ал Рим әдебиеті алады. Антик дүние
жәдігерліктеріне қызығушылықтың осылайша оқыс өзгеруі, ХІХ
ғасыр ғалымдары ортасында «рим әдебиеті тек грек әдебиеті мен
Еуропа әдебиеті арасында делдалдық қызмет ғана атқарды» деген
пікірлерді туғызды.
Әрине, рим әдебиеті туралы айтылған мұндай пікірлер орынсыз
болатын. Рас, грек әдебиетінің өзінен көп уақыт кейін пайда болған
рим әдебиетінің қалыптасуында іргетас болғандығын мойындаймыз.
Бірақ, рим әдебиеті грек әдебиетінің толық көшірмесі емес, ол
өзіндік маңызды ерекшеліктері бар тәуелсіз әдебиет.
Грек әдебиеті қауымдық құрылыстың күйреуі, таптық
қоғамның пайда болуы кезеңінде туды және оның гүлденген
дәуірі демократиялық қалалар, құлиеленуші мемлекеттер яғни
полистік басқару жылдарын өз ішіне алады. Рим әдебиетінің
дамыған, толысқан дәуірі полистік жүйенің құлдыраған, жеке билік
негізіндегі құлиеленуші империялық мемлекеттің пайда болған
кезінен басталады.
1-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: