184
шексіз сұлулығымен адамның арман-сезімін оятушы күшке
айналады.
Қайта өрлеу дәуірі жазушыларының шығармаларында адам
мен оны қоршаған дүние, адамның шексіз мүмкіндіктері мен
күш-қайраты маңызды орын алады. Адамның ішкі сезімдері жаңа
жағдайда орта ғасырлық діни өмірге күшті қарсылық көрсетеді.
Петрарканың сонеттері, өмір қуаныштарына толы Боккаччо
хикаялары осындай рухта жазылған шығармаларға жатады.
Қайта өрлеу дәуірі реализмінің басты қаһармандары мінезінде
ержүректік пен жомарттық бірге тоғысады. Адам еркіндігін
қорғаған ірі гуманистер өз күшіне сенген, әділеттік үшін күресуші,
жүрегі таза батыл образдарды жасау арқылы Қайта өрлеу дәуірінің
өмірсүйгіштік рухын да бейнеледі.
Флоренцияның саяси өмірінде шешуші рөл атқарған гвельфтер
партиясында бірлік болған жоқ. Бұл партияға саудагер, банкир,
өндіріс қожайындары, жалпы дворяндар біріккен еді. Соңынан осы
партия екіге – «ақтар» мен «қараларға» бөлініп кетті. «Қаралар»
Флоренцияда сауда мен банк жүйесінің өсуіне әсер еткен папамен
одақтасуды жақтады. Сауда-өндіріс орындарының тез байып бара
жатқандығы және халық көтерілісшілерінен қорыққан «ақтар»
тобы болса, императордан көмек күтті. 1302 жылы «қаралар» папа
Бонафацийге жақындап, жеңілген дюряндармен (гибеллиндер)
одақтасып, «ақтардың» тоз-тозын шығарды. Осы дәуірдің ұлы
жазушысы Дантенің өмірі сол саяси партиялардың қырғын күресі
жағдайында өтті. Оның өзі Флоренция коммунасы жағында болып,
дворяндар партиясы гибеллиндерге қарсы күресті.
Достарыңызбен бөлісу: