Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Гораций шығармашылығының негізгі кезеңдерін анықтаңыз.
2. Горацийдің философиялық көзқарастары қандай?
Бірінші аралық бақылау сұрақтары
1. Гомердің «Илиада» дастанындағы әйелдер бейнесі.
2. Троя соғысы туралы мифтер мен тарихи шындық.
3. «Илиада» поэмасындағы батырлар мен құдайлардың
образдары.
4. «Одиссея» дастанындағы Одиссей бейнесі.
5. «Одиссея» дастанындағы авторлық позиция.
6. Гесиодтың «Жұмыстар мен күндер» шығармасындағы еңбек
пен әділеттілік идеялары.
7. Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі
өзгерістері.
8. Элегия мен ямбының негізгі әуендері.
9. Хор меликасы және оның негізгі түрлері.
10. Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық
стиль.
11. Эпиникийлер стилі мен композициясының ерекшеліктері.
12. Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы.
13. Афина театрының ерекшеліктері.
14. Эсхил образдарының көркемдік сипаттары.
15. Софокл шығармашылығындағы көркемдік шеберлік
мәселелері.
16. Трагедияларды евирипидтік «тұрмыстандыру» мәселесі.
17. Аристофан комедияларындағы білім беру, тәлім-тәрбие
тақырыбы.
18. Римдік тұңғыш ақындар.
177
19. Цицеронның шешендік және философиялық трактаттарының
мәні.
20. Вергилийдің «Энеида» атты батырлық эпосының көркемдік
ерекшеліктері.
21. Горацийдің «Эподтар» жинағындағы жанрлық дәстүр және
оның римдік шындыққа қатынасы.
22. Горацийдің «Сатираларындағы» көркемдік әдістер мен
стильдік ерекшеліктер.
178
ІІІ-БӨЛІМ.
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет
Феодалдық қоғам жағдайында қалыптаса бастаған капиталистік
қатынастар Батыс Еуропада Ренессанс (Қайта өрлеу) әрекетіне
негіз салды. Мәдениет тарихында Ренессанс атауымен аталатын
бұл әрекет алғаш Италияда (XІV ғасыр) және көп ұзамай Еуопаның
басқа елдерінде де басталды.
Өнім шығару негіздерінің жаңа көріністері - мануфактураға өту,
географиялық жетістіктер (Американың ашылуы, Үндістанға теңіз
жолының орнатылуы), дүниежүзілік сауда-саттықтың дамуы, ұлттық
мемлекеттердің пайда болуы, шаруалар соғысы, халық көтерілістері
қоғамдық өмір мен қоғамдық санада көптеген өзгерістерді туғызды.
Адам еркіндігі мен адамның табиғи талаптарын қорғайтын
гуманистік қозғалыс дүниеге келді. Діни қағидалардан тыс реалистік
мазмұндағы көне антикалық мәдениетке қызығушылық күшейді.
Бұл дәуірді немістер «реформация» деп атайды, француздар –
«ренессанс» деп, итальяндар болса «чинквеченто» дейді, бірақ оның
мазмұнын осы атаулардың ешқайсысы да толық аша алмайды...
Византия күйрегеннен кейін сақталып қалған қолжазбалар, Римнен
қазып алынған антик ескерткіштер күйзеліске түскен Батыстың
көз алдына жаңа дүниені - ежелгі грек дүниесін алып келді; оның
жарқын образдары алдында орта ғасыр туындылары көмескіленіп
қалды; Италияда мәдениет белгілі дәрежеде гүлденді, бұл гүлдену
көне заманның классикалық шұғыласы болды және осыдан соң оған
қол жеткізу мүмкін болмады. Италия, Франция және Германияда
жаңа, қазіргі дәуір әдебиеті пайда болды. Көп уақыт өтпей Англия
мен Испанияда классикалық әдебиет туды.
Бұл - осы дәуірге тән адамзаттың басынан өткен өзгерістердің
ішіндегі ең ірі ілгерішіл өзгеріс болды, қаһармандар қажеттілігі
туған және күші, жігер-қайраты, мінезі, жан-жақты білімділігі өзіне
сай қаһармандарды дүниеге әкелген дәуір еді.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің маңызы оның феодалдық
құрылыс пен шіркеуге қарсы алып барған табанды күрестерімен
белгіленеді. Озық ойлы зиялылар христиан іліміне, схоластика,
179
мистика, аскетизм және озбырлықтарға қарсы аяусыз күресті.
Адам еркіндігі және оны дін құрсауынан азат ету мен дүниежүзілік
мәдениетті қалыптастыру үшін өз білімі мен жігерін сарп еткен
осы қаһармандар өздерін
Достарыңызбен бөлісу: |